Philips HR 1650/90 사용자 설명서
48
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A Жылдамдық сақинасы
B Қосу/өшіру түймесі
C Турбо түймесі
D Мотор
E Босату түймесі
F Турағыш
G Қорғау қақпағы
Бұлғауыш және сүт көпірткіші (тек HR1651 үлгісінде)
H Бұлғауыш және сүт көпірткішін байланыстырып тұратын бөлік
I Бұлғауыш
J Сүт көпірткіші
Дөңгелек стакан
K Дөңгелек стаканның қақпағы
L Дөңгелек стакан
Орташа ұсақтағыш (тек HR1652 үлгісінде)
M Ұсақтағыш қақпағы
N Мұзды ұсату кескіші
O Пышақтар
P Ұсақтағыш ыдысы
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
- Мотор бөлігін суға немесе басқа да сұйықтыққа батыруға, сондай-ақ, оны ағынды судың
астында жууға болмайды. Мотор бөлігін тазалау үшін ылғал шүберек қолданыңыз.
абайлаңыз!
абайлаңыз!
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
- Пышақтарды қолмен ұстамаңыз, әсіресе турағыш мотор бөлігіне қосулы тұрғанда, себебі
олар өте өткір болады.
- Ұсақтағыш ыдысы болмаса, ешқашан ұсақтағыштың пышақтарын қолданбаңыз.
- Егер құрал зақымдалса, оны міндетті түрде түпнұсқа түрімен алмастырыңыз, әйтпесе
кепілдік жарамсыз болады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
ҚазаҚша