Philips 65PFS6659/12 Manual Do Utilizador

Página de 109
Желі конфигурациясы
 
 
Егер қосылым орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі 
On (Қосулы)
мәніне орнатылуы керек.
Бұған қосымша, тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз және
желіні тұрақты IP мекенжайымен орнатқыңыз келсе,
теледидарды тұрақты IP мекенжайына орнатыңыз.
Теледидарды тұрақты IP мекенжайына орнату үшін 
 түймесін басып, 
Setup (Параметрлерді орнату) тармағын
таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз. Network settings (Желі
параметрлері) > Network settings (Желі
параметрлері) > Network configuration (Желі
конфигурациясы) > Static IP (Тұрақты IP) тармағын
таңдаңыз. Мәзірде «Static IP» (Тұрақты IP) тармағы таңдалған
кезде сол мәзірдегі 
Static IP configuration (Тұрақты IP
конфигурациясы) тармағында IP мекенжайын және басқа
қажет параметрлерді орнатуға болады.
Желі проблемалары
Сымсыз желі табылмады немесе бұрмаланған
• Жақын жердегі қысқа толқынды пештер, DECT
телефондары немесе басқа Wi-Fi 802.11b/g/n құрылғылары
сымсыз желіні бұзуы мүмкін.
• Желідегі қорғаныс жүйесі теледидардың сымсыз
қосылымына кіру мүмкіндігін беретінін тексеріңіз.
• Егер үйіңізде сымсыз желі дұрыс жұмыс істемесе, сымды
желіні орнатып көріңіз. 
Интернет жұмыс істемейді
• Маршрутизатормен байланыс дұрыс болса,
маршрутизатордың Интернетпен қосылымын тексеріңіз. 
Компьютер және Интернет байланысы баяу
• Үй ішіндегі ауқым, беру жылдамдығы және сигнал
сапасының басқа факторлары туралы ақпаратты сымсыз
маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
• Маршрутизатор үшін жылдамдығы жоғары Интернет
қосылымы қажет.
3.2
Сымды желі
Не қажет
Теледидарды Интернетке қосу үшін
желі 
маршрутизаторы қажет. Жоғары жылдамдықты (кең
жолақты) интернет қосылымы бар маршрутизаторды
пайдаланыңыз.
Файлды бөлісу
 
 
Бұл теледидарда компьютерде сақталған фотосуреттерді,
музыканы және бейнелерді ашуға болады. Philips
MediaManager*, Windows Media Player 11, Twonky™ немесе
сол сияқты медиа сервер бағдарламасының соңғы нұсқасын
пайдаланыңыз.
Медиа сервер бағдарламасын компьютерге орнатыңыз және
оны мультимедиалық файлдарды теледидармен бөлісуге
реттеңіз. Қосымша ақпаратты алу үшін медиа сервер
бағдарламасының нұсқаулығын оқып шығыңыз. Файлдарды
теледидарда көру немесе ойнату үшін бұл бағдарлама
компьютерде орнатылған болуы керек.
* Philips MediaManager бағдарламасын Philips қолдау көрсету
сайтынан жүктеуге болады: 
Help (Анықтама) тармағында 
 Keywords
(Кілтсөздер) түймесін басып, қолдау көрсетілетін медиа
сервер бағдарламаларына шолуды көру үшін 
Media server
software, supported (Қолдау көрсетілетін медиа сервер
бағдарламалары) деп іздеңіз.
Маршрутизаторды қосу
Маршрутизаторды қосу және реттеу үшін 
1 - 5 қадамдарын
орындаңыз.
1 - Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен
(Ethernet кабелі**) қосыңыз.
2 - Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
3 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
4 - 
Connect to network (Желіге қосылу) пәрменін
таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
5 - 
Wired (Сымды желі) параметрін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Теледидар тұрақты түрде желі байланысын іздейді. Байланыс
сәтті кезде хабар көрсетіледі. 
Желі конфигурациясы
Егер қосылым орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі 
On (Қосулы)
мәніне орнатылуы керек.
Сонымен қатар, тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз және
желіні тұрақты IP мекенжайымен орнатқыңыз келсе,
теледидарды Тұрақты IP мекенжайына орнатыңыз.
Теледидарды тұрақты IP мекенжайына орнату
10