Zanussi ZOB23301XA Manual Do Utilizador

Página de 64
Тұмшапеш функциясы
Қолданылуы
 
Дәстүрлі пісіру /
Сумен тазалау
Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Сумен тазалау функциясына қатысты толық ақпаратты
"Күту менен тазалау" тарауынан қараңыз.
Желдеткішпен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды 1 емес, бірнеше
сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыруға немесе қуырып-
пісіруге арналған.
Гриль жасау
Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост нанын
жасауға арналған.
Сағат функциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз
да, содан кейін қажетті уақытқа
бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Минут операторы + Пісіруді аяқтау
Бұны тұмшапеш функциясын автоматты
түрде сөндіру уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Құрылғыны уақытты орнатпай,
қолдан іске қосу үшін таймердің
тетігін   қалпына
қойыңыз.Минут операторы +
Пісіруді аяқтау уақыты сөнеді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз
да, содан кейін қажетті уақытқа
бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі. Құрылғы сөнеді.
Тұмшапеш функциясының тетігін және
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
www.zanussi.com
7