Zanussi ZES3921IBA Manual Do Utilizador

Página de 40
Құрылғы ақаулығының алдын
алудың жолдары
• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің
керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
• Құйылған болаттан жасалған, алюминий
не түбіне нұқсан келген ыдыстарды əрі-
бері сырғытсаңыз, керамика бетке сызат
түсуі мүмкін.
• Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан
келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі əбден
сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос
ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
• Құрылғының ешбір жерін алюминий
қаңылтырмен жаппаңыз.
• Егер сымның беткі қабаты жарылған
болса, электр тогы соқпас үшін желіден
ажыратыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қорек сымын құрылғыға жалғанған
жерінен кесіп алып тастаңыз.
– Құрылғыны тастау үшін жергілікті
қоқысты тастауға жауапты мекемеге
хабарласыңыз.
Орнату
Орнату
Назарыңызда болсын! Нұсқауларды
оқып, бұлжытпай орындаңыз. Адам
жарақат алуы немесе құрылғы бүлініп
қалуы мүмкін.
• Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
жеткізушіге хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнату жəне электр
желісіне қосу жұмыстарын білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
• Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты
дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс алаңдарына құрастырғаннан
кейін ғана пайдаланыңыз.
• Осы құрылғының техникалық
сиапттамаларын өзгертуге немесе
түрлендіруге болмайды. Адам жарақат
алуы немесе құрылғы бүлініп қалуы
мүмкін.
• Құрылғы пайдаланылатын елде
қолданылатын заңдарды, жарлықтарды,
нұсқаулар мен стандарттарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта өңдеуден
өткізу ережелері, электрлік қауіпсіздік
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
• Басқа аспаптармен жəне
құрылғылармен арада ең кіші
қашықтықты сақтаңыз.
• Соққыдан қорғау құралын орнатыңыз,
мысалы, тартпалы жəшіктерді тек
құрылғының астына қорғаныс тақта
қойып қана орнатыңыз.
• Егер қапсырмалар ағытпа блогының
қасында тұрса, қосылым сымының
ешқашан қапсырмаға тиіп кетуіне жол
бермеңіз.
• Жұмыс үстелінің кесілген беткі қабатын
дұрыс тұмшалағыш материалдың
көмегімен ылғалдан қорғаңыз!
• Жұмыс үстелін дұрыс бітегіш
материалмен бос жер қалдырмастан
бітеңіз.
• Құрылғының астының бу мен ылғалдан,
яғни, ыдыс жуғыш машина немесе
тұмшапештен бүлінуіне жол бермеңіз.
• Құрылғыны есіктерге жапсарлас немесе
терезелердің астында орнатпаңыз.
Есіктерді немесе терезелерді ашқан
кезде, ыстық ыдыс пешке соғылуы
мүмкін.
 
3
www.zanussi.com