Samsung ME731KR-S Manual Do Utilizador

Página de 96
11
КАЗАҚ 
ҚУАТ МӘНДЕРІ
Төменде қолжетімді қуат мәндері көрсетілген. 
Қуат мәні
Қуат мәні
ҚУАТ ШЫҒЫСЫ 
800 Вт
ОРТАШАДАН ЖОҒАРЫ
600 Вт
ОРТАША
450 Вт
ОРТАШАДАН ТӨМЕН
300 Вт
ЖІБІТУ ( )
180 Вт
ТӨМЕН
100 Вт
Егер жоғарырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын азайту керек. 
Қуат мәнін азырақ деңгейге қою үшін, пісіру уақытын ұзарту керек.
ПІСІРУДІ ТОҚТАТУ
Тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатып, тағамды тексеруіңізге 
болады. 
1.  Тағам дайындауды уақытша тоқтату үшін есікті 
ашыңыз. 
Нәтижесінде:   тағам дайындау тоқтайды. 
Тағам дайындауды тоқтату үшін, 
есікті жауып, 
Старт (Бастау) ( ) түймешігін қайта 
басыңыз.
2.  Тағам дайындауды біржола тоқтату үшін  
Стоп (Тоқтату) ( ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесінде:   тағам пісіру тоқтайды. 
Тағам пісіру параметрлерін 
бастапқы қалпына қою үшін 
Стоп (Тоқтату) ( ) 
түймешігін қайта басыңыз.
Кез келген параметрді тағам пісіруді бастамай тұрып 
Стоп (Тоқтату) 
( ) түймешігін басып тоқтатуыңызға болады. 
ПІСІРУ УАҚЫТЫН РЕТТЕУ
Пісіру уақытын 
+30сек түймешігін басып ұзартуға болады. 
1.  Пісіру уақытын әрбір қосқыңыз келген 30 секунд 
үшін 
+30 сек түймешігін басып ұзартуға болады.
2.  Старт (Бастау) ( ) түймешігін басыңыз. 
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІН ҚОСУ 
Пеш қуатты үнемдеу режимімен жабдықталған. Бұл функция пеш 
қолданылмаған кезде электр қуатын үнемдеуге көмектеседі.
•  Егер пеш 5 минут бойы қолданылмай тұрса, 
автоматты түрде қуатты үнемдеу режиміне 
ауысады. Осы кезде пештің бейнебетінен 
ешнәрсе көрсетілмейді және пешті қолдануға 
болмайды.
•  Қуатты үнемдеу режимінен шығу үшін есікті жабыңыз. 
Бейнебетте «0» көрсетіледі. Пешті содан кейін қолдана беруге 
болады.
•  Қуатты үнемдеу режимін қосу үшін пештің басқару панеліндегі 
тиісті түймешікті басыңыз.
ME731KR,ME732KR,ME733KR_BWT_DE68-03893L-04_KK.indd   11
2014-07-17     3:47:25