Samsung MS22M8074AT Manual Do Utilizador

Página de 144
Казақ 
9
Күтім көрсету
Тазалау
Пештің ішіне немесе үстіне қоқыс жиналып қалмау үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз. Сонымен қатар, 
есікке, есіктің тығыздағышына және бұрылмалы табаққа және айналмалы шығырыққа (қолданылатын 
үлгілерге ғана қатысты) аса назар аударыңыз.
Егер есік оңай ашылып немесе жабылмаса, әуелі есіктің тығыздағыштарына қоқыс тұрып қалмағанын 
тексеріңіз. Пештің ішкі және сыртқы беттерін тазалау үшін жұмсақ шүберек пен сабынды суды 
пайдаланыңыз. Шайыңыз да, мұқият құрғатыңыз.
Пештің ішіндегі иістенген, қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін
1.  Пеш бос тұрған кезде, бұрылмалы табақтың ортасына кесеге ерітілген лимон шырынын қойыңыз.
2.  Пешті ең жоғары қуат деңгейіне қойып 10 минут қыздырыңыз.
3.  Цикл аяқталғаннан кейін пеш салқындағанша күтіңіз. Содан кейін, есікті ашып, тағам пісіретін 
бөлікті тазалаңыз.
Ішкі тербелмелі қыздырғышы бар үлгілерді тазалау үшін
A
Пісіру бөлігінің үстіңгі тұсын тазалау үшін үстіңгі 
қыздырғыш элементті көрсетілгендей 45° градусқа 
(A) 
төмендетіңіз. Бұл үстіңгі жақты тазалауға көмектеседі. 
Болған кезде, үстіңгі қыздырғыш элементті орнына 
қойыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
•  Есік пен есіктің тығыздағыштарын таза ұстаңыз және есіктің оңай ашылып жабылатынына көз 
жеткізіңіз. Әйтпесе, пештің қолданыс мерзімі қысқаруы мүмкін.
•  Пештің саңылауларына су шашыратпау үшін абай болыңыз.
•  Тазалау үшін жеміргіш немесе химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
•  Пешті әр қолданып болған сайын пеш салқындағанша күтіп, жұмсақ жуғыш затты пайдаланып 
тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.
Ауыстыру (жөндеу)
ЕСКЕРТУ
Бұл пештің ішінде пайдаланушы ағытып алуға болатын ешбір бөлшек жоқ. Пешті өзіңіз жөндеуге 
немесе бөлшектерін ауыстыруға әрекеттенбеңіз.
•  Топсаларға, тығыздағышқа, және/немесе есікке қатысты мәселе туындаса, білікті техникке 
немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласып, техникалық көмек алыңыз. 
•  Егер жарықтама шамын ауыстырғыңыз келсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз. Өзіңіз ауыстырмаңыз.
•  Егер пештің сыртқы корпусына қатысты мәселе туындаса, әуелі қуат сымын қуат көзінен ағытып, 
содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету
Егер пешті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қуат сымын ағытып, пешті құрғақ, шаңы жоқ жерге қойыңыз. 
Пештің ішіне жиналып қалатын ылғал және шаң пештің жұмысына әсер етуі мүмкін.
Күтім көрсету
Untitled-17   9
3/13/2017   11:14:11 PM