Справочник Пользователя для Philips 65PFS6659/12

Скачать
Страница из 109
Дыбыс шығысының параметрлері
Дыбыс шығысы кідіру уақыты
Үй кинотеатры жүйесі (HTS) теледидарға қосылып тұрғанда
теледидардағы сурет және HTS жүйесіндегі дыбыс
синхрондалуы керек.
Дыбысты автоматты түрде бейнеге синхрондау
 
 
Соңғы Philips үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен
бейне автоматты түрде синхрондалады әрі әрдайым дұрыс
болады.
Дыбысты синхрондауды кешіктіру
 
 
Кейбір үй кинотеатры жүйелерінде дыбыс пен бейнені
синхрондау үшін дыбысты синхрондауды кешіктіруді реттеу
қажет болуы мүмкін. Үй кинотеатры жүйесінде сурет пен
дыбыс арасында сәйкестік болғанша кешіктіру уақытын
арттырыңыз. 180 мс кешіктіру мәні қажет болуы мүмкін. Үй
кинотеатры жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз. Үй
кинотеатры жүйесінде кешіктіру уақытын орнатқанда
теледидардың дыбыс шығысын кешіктіру мүмкіндігін өшіру
керек.
Дыбыс шығысын кідірту мүмкіндігін ажырату...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлері) > Sound (Дыбыс) > 
Advanced (Қосымша) > Audio out delay (Дыбыс
шығысының кідірісі) тармағын таңдаңыз.
3 - 
Өшіру опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысын ауытқуы
Үй кинотеатры жүйесінде кешіктіруді орната алмаған
болсаңыз, теледидарды дыбысты синхрондайтын етіп
орнатуға болады. Теледидар суретінің дыбысын өңдеу үшін
үй кинотеатрының жүйесіне қажет уақытты қамтамасыз
ететін ауытқуды орнатуға болады. 5 мс-тық қадамдармен
мәнді орнатуға болады. Ең жоғары параметр — 60 мс.
Дыбыс шығысын кешіктіру параметрі қосулы болуы керек.
Теледидарда дыбысты синхрондау...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлері) > Sound
(Дыбыс) > Advanced (Қосымша) > Audio out offset (Дыбыс
шығысының ауытқуы) тармағын таңдаңыз.
3 - Жүгірткіні пайдаланып дыбыс ауытқуын орнатып, 
OK
түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысының пішімі
Үй кинотеатрының жүйесінде Dolby Digital, DTS® немесе
соған ұқсас көп арналы дыбысты өңдеу мүмкіндігі бар болса,
«Audio out format (Дыбыс шығысының пішімі)» «Multichannel
(Көп арналы)» мәніне орнатыңыз. Көп арналы мүмкіндігімен
теледидар қысылған көп арналы дыбыс сигналын
телеарнадан немесе жалғанған ойнатқыштан үй кинотеатры
жүйесіне жібере алады. Үй кинотеатрының жүйесінде көп
арналы дыбыс өңдеу мүмкіндігі болмаса, «Stereo (Стерео)»
параметрін таңдаңыз.
Дыбыс шығысының пішімін орнату...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлері) > Sound
(Дыбыс) > Advanced (Қосымша) > Audio out format
(Дыбыс шығысының пішімі) тармағын таңдаңыз.
3 - 
Multichannel (Көп арналы) немесе Stereo (Стерео)
параметрін таңдаңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысын теңестіру
Бірінен екіншісіне ауысқанда теледидар мен үй кинотеатры
жүйесінің дыбыс деңгейін (қаттылығын) теңеу үшін «Дыбыс
шығысын теңеу» параметрін пайдаланыңыз. Дыбыс
айырмашылықтары дыбыс өңдеудегі айырмашылықтардан
туындайды.
Дыбыс деңгейіндегі айырмашылықты теңеу...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлер) > Sound
(Дыбыс) > Advanced (Кеңейтілген) > Audio out levelling
(Дыбыс шығысын теңеу) тармағын таңдаңыз.
3 - Дыбыс деңгейінің айырмашылығы үлкен болса, 
More
(Көбірек) параметрін таңдаңыз. Егер дыбыс деңгейінің
айырмашылығы шағын болса,  
Less (Азырақ) параметрін
таңдаңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз. 
Дыбыс шығысын теңеу дыбыс шығысы — оптикалық және
HDMI-ARC дыбыс сигналдарының екеуіне де әсер етеді.
HTS дыбысында мәселелер бар
Қатты шуы бар дыбыс
 
 
Бейнені қосылған USB жад құрылғысынан немесе қосылған
компьютерден көрсеңіз, үй кинотеатры жүйесінің дыбысы
бұрмалануы мүмкін. Бұл шу дыбыс немесе бейне файлында
DTS дыбысы болғанда, бірақ үй кинотеатры жүйесінде DTS
дыбыс өңдеуі болмаған кезде шығады. Мұны теледидардың 
17