Справочник Пользователя для Philips 65PFS6659/12

Скачать
Страница из 109
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
Ескерту
 
 
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе компьютерде
қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі жазба
файлдарын ешбір компьютер бағдарламасымен көшіруге
немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар бүлінеді.
Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның мазмұны
жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты дискісін
компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу керек.
Қосымша ақпарат алу үшін 
 Keywords
(Кілтсөздер) түймесін басып, Pause TV (Теледидарды
кідірту) немесе Recording (Жазу) деп іздеңіз.
4.11
USB пернетақтасы немесе
тінтуірі
USB пернетақтасы
Теледидарда мәтін енгізу үшін USB пернетақтасын (USB-HID
түріндегі) қосыңыз.
Теледидарға пернетақта және тінтуір қосуға болады.
Қосу үшін 
USB қосылымдарының біреуін пайдаланыңыз.
Пернетақтаны орнату
 
 
USB пернетақтасын орнату үшін теледидарды қосыңыз және
USB пернетақтасын теледидардағы 
USB қосылымдарының
біреуіне қосыңыз. Теледидар пернетақтаны бірінші рет
анықтағанда пернетақта орналасуын таңдауға және таңдауды
сынауға болады. Алдымен кириллица немесе грек пернетақта
орналасуын таңдасаңыз, қосымша латын пернетақта
орналасуын таңдай аласыз.
Орналасу таңдалғанда пернетақта орналасуы параметрін
өзгерту үшін…
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлері) > General settings (Жалпы
параметрлер) > USB keyboard settings (USB пернетақта
параметрлері) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Арналардың атын өзгертуге арналған түймелер
 
• Enter пернесі = OK
• Backspace = жүгіргі алдындағы таңбаны жою
• Көрсеткі пернелер = мәтін өрісінде шарлау
• Қосымша орналасу орнатылған болса, пернетақта
орналасулары арасында ауысу үшін 
Ctrl + Shift пернелерін бір
уақытта басыңыз.
Smart TV бағдарламалары мен интернеттердегі беттерге
арналған түймелер
 
• Shift + Tab = келесі және алдыңғы
• Home = беттің жоғарғы жағына жылжу
• End = беттің төменгі жағына жылжу
• Page Up = бір бетке жоғары өту
• Page Down = бір бетке төмен өту
• + = бір қадам үлкейту
• - = бір қадам кішірейту
• * = веб-бетті экран еніне қиыстыру.
USB тінтуірі
USB тінтуірін қосу
Интернеттегі беттерді шарлау үшін USB тінтуірін (USB-HID
түріндегі) қосуға болады.
Интернет бетінде сілтемелерді оңайырақ таңдауға және
басуға болады.
Тінтуірді қосу
 
 
Теледидарды қосып, USB тінтуірін теледидардағы 
USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Сондай-ақ, USB тінтуірін
қосылған USB пернетақтасына қосуға болады.
Тінтуірді басу
 
• Сол жақ түймені басу = 
OK
• Оң жақ түймені басу = 
Кері 
 
Жылжу дөңгелегін беттерде жоғары немесе төмен жылжу
үшін қолдануға болады.
Пернетақтаны қосу жолы туралы қосымша ақпарат алу
үшін 
 Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, USB
keyboard (USB пернетақтасы) деп іздеңіз.
20