Справочник Пользователя для Philips CMD305A/05

Скачать
Страница из 34
15
Қазақша
KK
6  Bluetooth 
құрылғыларын 
пайдалану
Бұл көліктің аудио жүйесімен Bluetooth
арқылы ойнатқыштан аудио тыңдауға немесе
қоңырау шалуға болады.
Құрылғыны жұптастыру
Ескертпе
WOOX Innovations компаниясы барлық Bluetooth
құрылғыларымен үйлесімділікке кепілдік бермейді.
Құрылғыны осы жүйемен жұптастырудың алдында
Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз. Құрылғының Bluetooth
бағдарламасының нұсқасы V2.1 не одан кейінгі
екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын
тексеріңіз.
Осы жүйе мен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы — шамамен 3 метр.
Осы жүйе мен Bluetooth құрылғысының арасындағы
кез келген кедергі жұмыс ауқымын қысқартуы
мүмкін.
Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
Құрылғыңызда төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
Басқа Bluetooth құрылғыларын іздеу үшін
оны қосыңыз.
Құрылғылар тізімінен CMD305A
құрылғысын таңдаңыз.
Әдепкі "0000" құпиясөзін енгізіңіз.
 
»
Егер жұптастыру сәтті болса,
дисплейге [PAIR OK] шығады.
Құрылғыны ажырату
[BT DISCO] шыққанша   түймесін
басып тұрыңыз.
Растау үшін,
түймесін басыңыз.
 
»
[DISCONNECTED] опциясына өтеді.
Кеңес
Сондай-ақ, осы қосылған құрылғыда Bluetooth
функциясын өшіруге болады.
Құрылғыны қайта қосу
[BT RECON] шыққанша   түймесін
басып тұрыңыз.
Растау үшін,
түймесін басыңыз.
•  Егер CMD305A және осы құрылғы
арасында автоматты қосылуға рұқсат
берілсе, CMD305A бұл құрылғыға
автоматты түрде қайта қосылады.
Берілмесе, 3-қадамды орындаңыз.
Бұл құрылғыда CMD305A құрылғысынан
қосылу рұқсатын алыңыз.
 
»
[CONNECTED] опциясына өтеді.
Қосылған құрылғыдан аудио 
ойнату
Егер қосылған Bluetooth құрылғысы дыбысты
таратудың кеңейтілген профилін (A2DP)
қолдаса, жүйе арқылы құрылғыға сақталған
тректерді тыңдауға болады. Сондай-
ақ, құрылғы дыбыс/бейне құрылғыларын
қашықтан басқару профилін (AVRCP) қолдаса,
жүйедегі ойнатуды басқаруға болады.
Bluetooth құрылғысын бұл жүйеге
Bluetooth арқылы қосыңыз.
[BT AUDIO] ресурсын ауыстыру үшін
түймесін қайталап басыңыз.
 
»
Автоматты түрде ойнатыла
бастайды.