Инструкции Пользователя для LG D320

Скачать
Страница из 400
31
Жылдам ауыстыру аумағы
Жылдам ауыстыру пернесін қосу/өшіру үшін оны басыңыз. 
Функцияның параметрлер мәзіріне өту үшін пернені басып 
тұрыңыз. Басқа ауыстыру пернелерін көру үшін солға 
не оңға қарай сипаңыз. Ауыстыру пернелерін жою, қосу 
немесе қайта реттеу үшін   опциясын түртіңіз.
QSlide Қосымша
Экранда кішкентай терезе етіп ашу үшін QSlide 
қосымшасын түртіңіз. QSlide қосымшаларын жою, 
қосу немесе қайта реттеу үшін   опциясын түртіңіз.
Барлық хабарландыруды өшіру үшін түртіңіз. 
Хабарландырулар
Ағымдағы хабарландырулардың әрқайсысы қысқаша 
сипаттамасымен тізімде берілген. Хабарландыруды 
көру үшін оны түртіңіз. 
Хабарландырулар тақтасын жабу үшін қойындыны 
түртіп, экранның үстіне қарай жылжытыңыз.
Күй жолағындағы индикатор белгішелер
Экранның жоғарғы жағындағы күй жолағындағы индикатор белгішелер 
қабылданбаған қоңыраулар, жаңа хабарлар, күнтізбе оқиғалары, құрылғының күйі 
және т.б. туралы есеп береді. 
Экранның жоғарғы жағында көрсетілген белгішелер құрылғының күйі туралы ақпарат 
береді. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі пайдаланылады.