Инструкции Пользователя для LG D320

Скачать
Страница из 400
85
«LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралы — USB кабелі немесе Wi-Fi 
байланысы арқылы құрылғыны компьютерге қосуға көмектесетін бағдарлама. 
Қосылғаннан соң құрылғының функцияларын компьютерден пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралы арқылы мыналарды 
орындауға болады...
Мультимедиалық мазмұндарды (музыка, фильм, суреттер) компьютерден 
басқарып, ойнату.
Мультимедиалық мазмұндарды құрылғыға жіберу.
Құрылғы мен компьютердегі деректерді (кестелерді, контактілерді, бетбелгілерді) 
синхрондайды.
Құрылғыдағы қолданбалардың сақтық көшірмесін жасау.
Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңарту.
Құрылғының деректерінің сақтық көшірмесін жасап, қалпына келтіру.
Компьютердегі мультимедиалық мазмұнды құрылғыңыздан ойнату.
Құрылғыда жаднамалар жасау, өзгерту және олардың сақтық көшірмелерін жасау
ЕСКЕРТПЕ. «LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралын пайдалану жолын 
табу үшін қолданбадан Анықтама мәзірін пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын орнату
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын LG веб-бетінен жүктеп алуға 
болады.
1  
www.lg.com мекенжайына кіріп, қажетті елді таңдаңыз.
2  
Қолдау > МОБИЛЬДІ ҚОЛДАУ > LG ұялы телефондары > тармағына өтіңіз > 
үлгіні таңдаңыз  
немесе 
 
Қолдау > Ұялы телефон тармағына өтіңіз > үлгіні таңдаңыз.
3  
MANUALS & DOWNLOAD (Нұсқаулықтар және жүктеп алу) ішінен PC SYNC 
(Компьютермен синхрондау) тармағын түртіп, «LG PC Suite» компьютер 
бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін 
DOWNLOAD (Жүктеп алу) түймесін 
басыңыз.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралы үшін жүйелік талаптар
Амалдық жүйе: 32 биттік Windows XP (3-жаңарту бумасы), Windows Vista, Windows 
7, Windows 8
ОП: 1 ГГц немесе одан жоғары процессорлар
PC бағдарламалық құралы (LG PC Suite)