Справочник Пользователя для Samsung RSA1SHWP

Скачать
Страница из 36
қауіпсіздік ақпараты
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ 
• Құралды қолдану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып, 
анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
• Төмендегі жұмыс нұсқаулары түрлі үлгілерге арналып 
берілгендіктен, тоңазытқыштың сипаттары нұсқаулықта 
берілгеннен сəл өзгеше болуы мүмкін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ЕСКЕРТУ/АБАЙЛАҢЫЗ ТАҢБАЛАРЫ
Ауыр жарақат алу немесе өліп кету қаупі бар екенін көрсетеді.
Жарақат алу немесе мүлікті зақымдау қаупі бар екенін білдіреді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН БАСҚА ТАҢБАЛАР
Жасауға БОЛМАЙТЫН əрекетті білдіреді.
Бөлшектеуге БОЛМАЙТЫН затты білдіреді.
Ұстауға БОЛМАЙТЫН затты білдіреді.
Бағынуды қажет ететін нұсқау.
Қуат штепселін розеткадан суыру керек екенін білдіреді.
Ток соқпау үшін жерге қосу керек екенін білдіреді.
Бұл таңба тұрса, қызмет көрсететін маманның көмегі қажет.
Бұл ескерту таңбалары сіз жəне басқалар жарақаттанып қалмас үшін берілген. 
Оларды қатаң сақтаңыз.
Бұл бөлімді оқып болған соң, кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз.
•  Пайдалану алдында бұл тоңазытқышты дұрыстап орнатып, нұсқаулыққа 
сəйкес орналастыру керек.
•  Бұл құралды тек осы нұсқаулықта көрсетілген мақсатында қолданыңыз.
•  Техникалық қызметтердің тек тиісті мамандармен орындалуы шарт.
•  R600a немесе R134a заттарын суыту агенті ретінде пайдалануға болады. 
Тоңазытқышта қандай суыту агенті пайдаланылатынын көру үшін, құралдың 
артқы жағындағы компрессор жапсырмасын жəне мұздатқыштың ішіндегі 
паспорт тақтайшасын қараңыз.
•  R600a суыту агенті - қоршаған ортамен үйлесімділігі жоғары, бірақ жанғыш 
табиғи газ. Құралды тасымалдағанда жəне орнатқанда, тоңазыту тізбегінің 
бөлшектерін зақымдап алмау үшін мұқият болу керек.
•  Құбырлардан ағып шыққан суыту агенті тұтануы немесе көзді жарақаттауы 
мүмкін. Газдың немесе сұйықтықтың шығып жатқаны байқалса, құрал 
орналасқан бөлмеде бірнеше минут бойы ашық жалын немесе тұтандыру 
көздері болмау керек.
АБАЙЛАҢЫЗ!
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ!
АБАЙЛАҢЫЗ!
қауіпсіздік ақпараты _
3
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сə
йкес қолданылады жəне осы өнімнің қаптамасын екінші рет па
йдалануға арналмағанын жəне жоюға жататынын көрсетеді. Ос
ы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдал
ануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық
код жəне/немесе əріп белгілері түріндегі қаптама материалының
белгісімен толықтырылуы мүмкін.