Zanussi ZDT92400FA 用户手册

下载
页码 40
ЖУУ ЖӘНЕ ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС
Ақаулық
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
• "Күнделікті қолдану""Ақыл-кеңес" тарауын және
себетті толтыру парақшасын қараңыз.
• Қарқыны барынша жоғары бағдарламаларды
пайдаланыңыз.
• Бүріккіш түтікшелерді және сүзгіні тазалаңыз. "Күту
менен тазалау" тарауын қараңыз.
Кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
• Жабық тұрған құрылғының ішіне ыдыс өте ұзақ уақыт
қалдырылған.
• Шайғыш зат жоқ немесе шайғыш затты үлестіру
мөлшері жеткіліксіз. Шайғыш зат үлестіргішті ең жоғары
деңгейге қойыңыз.
• Пластик заттарды сүлгімен құрғату қажет болуы
мүмкін.
• Тамаша кептіру нәтижесіне қол жеткізу үшін XtraDry
опциясын қосыңыз.
• Біз шайғыш затты әрқашан пайдалануды, тіпті аралас
таблеткалармен бірге қолдануды ұсынамыз.
Стакандар мен ыдыстарда ақ
жолақтар немесе көк дақтар
пайда болған.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылған. Шайғыш
заттың деңгейін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда
дақтар және кепкен су
тамшылары қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген.
Шайғыш заттың деңгейін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы
мүмкін.
Ыдыс-аяқ кеппеген.
• Тамаша кептіру нәтижесіне қол жеткізу үшін XtraDry
опциясын қосыңыз.
• Бұл бағдарламаның кептіру режимі жоқ немесе кептіру
режимінің температурасы төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы
мүмкін.
• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты
болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш
зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен жуғыш
таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
• Ыдыстарды алмай тұрып ыдыс жуғыш машинаның
есігін біраз уақыт ашып қойыңыз.
Құрылғының ішкі жағы
дымқыл.
• Бұл құрылғының ақауы емес, бұл қабырғаларда
конденсат пайда болуға әкелген ауаның
ылғалдылығына байланысты.
Жуған кезде әдеттегіден тыс
көпіршік пайда болады.
• Ыдыс жуғыш машиналарға арналған жуу затты ғана
пайдаланыңыз.
• Шайғыш зат диспенсерінен су ағады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
17