Zanussi ZDT92400FA 用户手册

下载
页码 36
Ақау және ескерту коды
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып
тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл
үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай
тұр.
• "Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 1 рет естіледі.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 2 рет ара-тұра
естіледі.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
• "Соңы" индикаторы 3 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 3 рет ара-тұра
естіледі.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін, сөндіріп
де, қайта қосыңыз. Ақаулық қайта пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ЖУУ ЖӘНЕ ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Стакандарға және ыдыстарда
ақ жолақтар немесе көк
дақтар түскен.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылып тұр. Шайғыш
затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
16