Philips BT2200B/00 Benutzerhandbuch
7
Қазақша
KK
4 Bluetooth
құрылғыларын
пайдалану
Бұл динамикпен Bluetooth қосылған
құрылғылардан дыбысты тыңдауға
және Bluetooth арқылы кіріс
қоңырауын басқаруға болады.
Құрылғыны қосу
Ескертпе
•
Bluetooth құрылғысының осы динамикпен үйлесімді
екенін тексеріңіз.
•
Құрылғыны осы динамикпен жұптамастан бұрын
оның Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
•
Динамик ең көбі 8 жұпталған құрылғыны есте сақтай
алады.
•
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын
тексеріңіз.
•
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысының
арасындағы кез келген кедергі жұмыс ауқымын
қысқартуы мүмкін.
•
Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
•
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
1
Динамик жұптау режимінде екенін, яғни,
түймесіндегі ЖШД индикаторы ақ
түспен жыпылықтап тұрғанын тексеріңіз.
2
Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз және Bluetooth
құрылғыларын іздеңіз (құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
3
Құрылғыда [Philips BT2200]
көрсетілгенде жұптауды және қосуды
бастау үшін оны таңдаңыз. Қажет болса,
«0000» әдепкі құпия сөзін енгізіңіз.
»
Сәтті жұптап, қосқаннан кейін
динамик екі рет сигнал шығарады
және түймесіндегі ЖШД
индикаторы тұтас ақ түске айналады.
Philips BT2200