LG Gpad 8.0 LGV490 negro Benutzeranleitung
29
Батареяны пайдаланатын бағдарламаларды бақылау және
басқару
1
Негізгі экранда
Қосымшалар > Баптаулар > Планшет
туралы > Батарея > Батареяны қолдану тармағын түртіңіз.
2
Экран батарея қолданысының уақыты және батарея қуатын ең көптен
ең азына дейін пайдаланатын қолданбаларды немесе қызметтерді
көрсетеді.
SIM картасын салу
1
SIM картасын орнату үшін, ұя орнын тауып, оның қақпағын ашыңыз.
2
Саусағыңыздың тырнағын ойыққа салып, SIM картасының науасын
жайлап тартып шығарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қақпақ астында екі ұя бар (екінші ұя microSD картасына
арналған).
ЕСКЕРТПЕ: Егер SIM картасын ауыстырсаңыз, SIM картасын
салғаннан кейін, планшетті қайта іске қосуыңыз қажет.
3
SIM картасының сары түсті түйіспе аймағын науаға жоғары қаратып
салыңыз. Науаны "сырт" етіп, орнына түскенше ұяның ішіне қарай
итеріңіз және қақпақты жабыңыз.