LG H955 Benutzeranleitung
97
Параметрлер
•
Телефон жоғалған жағдайдағы байланысу ақпараты –
телефон жоғалған жағдайда құлыптау экранында иесі туралы
ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді.
•
Құлыптау таймері – экранның күту уақыты біткеннен кейін
экранның автоматты түрде құлыпталуына дейін қалған уақыт
мөлшерін орнатуға мүмкіндік береді.
•
Қуат түймесі дереу құлыптайды – Қуат/Құлып түймесін
басқанда экранды бірден құлыптау үшін құсбелгі қойыңыз. Бұл
параметр қауіпсіздік құлыптау таймерінің параметрінен басым
болады.
Негізгі экранның сенсорлы түймелері
Барлық экрандардың төменгі жағында көрсетілетін негізгі экранның
сенсорлы түймелерін орнатыңыз. Қай пернелер көрсетілетінін,
жолақтағы орнын және қалай көрінетінін орнатыңыз.
< FONT >
< FONT >
Қаріп түрі
Телефон мен мәзірлерге пайдаланылатын қаріп түрін орнатады.
Қаріп өлшемі
Қаріп өлшемі
Телефон мен мәзірлерде көрсетілетін қаріп өлшемін орнатады.
< БАСҚА ЭКРАН ПАРАМЕТРЛЕРІ >
< БАСҚА ЭКРАН ПАРАМЕТРЛЕРІ >
Жарықтық
Экран жарықтығын реттейді. Батарея жақсы жұмыс істеуі үшін
қараңғылау қолайлы жарықтықты пайдаланыңыз.
Ескерту LED
Ескерту LED
Оны қосу немесе өшіру үшін қосқышты түртіңіз. Қосулы күйі
таңдалған хабарландырулар үшін ЖШД жарығын әрқайсысына
қойылған түспен іске қосады.