LG LGD618 Betriebsanweisung
25
ЕСКЕРТПЕ.
•
Телефонда тек үйлесімді жад карталарын пайдаланыңыз. Үйлесімсіз жад
карталарын пайдалану картаны және картада сақталған деректерді, сонымен
бірге, телефонды зақымдауы мүмкін.
•
Құрылғы FAT32 файлдық жүйесін пайдаланатындықтан, кез келген берілген
файлдың ең үлкен өлшемі — 4 Гбайт.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Телефон қосулы болғанда, жад картасын салмаңыз немесе шығармаңыз. Бұлай
істеу жад картасын, сонымен бірге телефонды зақымдауы және жад картасына
сақталған деректер бүлінуі мүмкін.
Жад картасын пішімдеу үшін:
Жад картасы пішімделген болуы мүмкін. Олай болмаса, пайдалану алдында оны
пішімдеу керек.
ЕСКЕРТПЕ. Пішімдегенде жад картасындағы барлық файлдар жойылады.
1
Қолданбалар тізімін ашу үшін белгішесін түртіңіз.
2
Баптаулар > Жалпы қойындысы > Сақтау орны параметріне өтіп, оларды
таңдаңыз.
3
SD картасын шығару түймесін түртіңіз.
4
SD картаны өшіру > SD картаны өшіру > Барлығын өшіру тармағын түртіңіз.
5
Құлыптау өрнегін орнатқан болсаңыз, оны енгізіңіз де,
Барлығын өшіру
пәрменін таңдаңыз.