LG LGD618 Betriebsanweisung

Seite von 403
36
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен емес, іске 
қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу үшін Bluetooth мүмкіндігін 
пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ. 
Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе қабылданған 
деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың алуына немесе дұрыс 
қолданбауына LG компаниясы жауап бермейді.
Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен 
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар арасында 
кедергілер болса, байланыс арақашықтығы қысқартылады.
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары немесе 
мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
Bluetooth мүмкіндігін қосып, телефоныңызды Bluetooth қосылған құрылғымен 
жұптау
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
1  
 >   > 
Қосымшалар қойындысы > Баптаулар > Желілер қойындысы > 
Bluetooth функциясын Қосулы мәніне қою опциясын түртіңіз.
2  
Bluetooth мәзірін қайтадан түртіңіз. Телефонды көрінетін ету опциясын 
және құрылғыларды іздеу опциясын көресіз. Енді Bluetooth ауқымындағы 
құрылғыларды көру үшін 
Құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.
3  
Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз.
Жұптау сәтті болғанда, құрылғыңыз екінші құрылғыға қосылады. 
ЕСКЕРТПЕ: кейбір құрылғыларда, әсіресе, гарнитураларда немесе хэндсфри 
көлік жинақтарында, бекітілген Bluetooth PIN коды болуы мүмкін, мысалы, 0000. 
Екінші құрылғыда PIN коды болса, оны енгізу сұралады.
Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберу
1  
Тиісті қосымшадан немесе 
Жүктеулер қалтасынан контакт, күнтізбе оқиғасы 
немесе мультимедиалық файл сияқты бір файлды немесе элементті таңдаңыз.
2  
Деректерді Bluetooth арқылы жіберу үшін параметрді таңдаңыз.
Желілерге және құрылғыларға қосылу