LG LGH961S Betriebsanweisung

Seite von 480
Баптаулар
89
 ЕСКЕРТПЕ 
Bluetooth байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе 
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың 
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап 
бермейді.
Үнемі деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен 
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. 
Құрылғылар арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы 
қысқартылады.
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы 
сыналмағандары немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен 
үйлесімді болмауы мүмкін.
Телефонды басқа Bluetooth құрылғысымен 
жұптастыру
1  
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Bluetooth 
тармағын түртіңіз.
2  
Bluetooth функциясын қосу және қол жетімді Bluetooth 
құрылғыларын іздеуді бастау үшін 
 опциясын түртіңіз. 
• 
Бұған қоса, ауқымдағы көрінетін құрылғыларды анықтау 
керек болса, 
ІЗДЕУ пәрменін түртіңіз.
3  
Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз. Жұптастыру сәтті 
болған кезде телефон басқа құрылғыға қосылады. 
 ЕСКЕРТПЕ 
Екі Bluetooth құрылғысы арасындағы жұптастыру — бір реттік 
процесс. Жұптастыру жасалған кезде құрылғылар серіктестік 
анықтауды және ақпарат алмасуды жалғастырады.
Жұптасу режимі мен құпия код (әдетте 0 0 0 0 – төрт нөл) туралы 
ақпаратты Bluetooth құрылғысымен бірге берілген құжаттан 
қараңыз.