Zanussi ZDS91500WA Benutzerhandbuch

Seite von 52
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
B
A
C
• Зумпф сорғышының ішінде немесе айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалпақ сүзгіні орнына (C) қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
• (A) және (B) сүзгілерін құрастырыңыз.
• (A) сүзгісін (C) сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш
түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
ІШІН ТАЗАЛАУ
• Құрылғыны мұқият тазалаңыз, есіктің
резеңке тығыздағышын жұмсақ, дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май
немесе қақ жиналып қалуы мүмкін. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін ұзақ
бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет
қосып орындауды ұсынамыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамаса немесе жұмыс
жасап тұрып тоқтап қалса. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласу алдында,
кестеде көрсетілген ақпаратты қолданып,
ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, дисплейде
ескерту коды көрсетіледі.
14