Zanussi ZDS91500WA Benutzerhandbuch

Seite von 52
ПАРАМЕТР DELAY
max.
1. Delay түймешігін дисплейде орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз.
2. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ 1 сағат шамасына кеми бастайды.
Кері санақ аяқталғанда бағдарлама басталады да, жұмыс істеп тұрған цикл индикаторы жанады.
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
5 min
Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минут өткенде Auto OFF функциясы
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЖАЛПЫ
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану
барысында кептіріп және тазалаған кезде
жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ,
қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек
қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз.
Егер қажет болса, алдын ала жуу
бағдарламасын (егер бар болса)
қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі
бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық
пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен
шыққан судың ыдыстардың барлығына
толық жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей
немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш,
шайғыш құралды және тұзды бөлек
пайдалануға немесе аралас
таблеткаларды пайдалануға болады
(мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1'').
Орамында көрсетілген нұсқауларды
орындаңыз. Аралас таблеткалар судың
кермектігі 21 °dH болатын аймақтар үшін
жарамды. Суының кермектігі осы шектен
асатын аймақтарда, шайғыш зат пен тұзды
да қолдану керек. Егер аралас таблетканы
пайдалансаңыз, Multitab параметрін (егер
бар болса) таңдаңыз. Бұл функция аралас
таблетканы пайдаланғанда, жуу және
кептіру сапасын жақсартады.
• Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай
11