Zanussi ZDF92600WA Benutzerhandbuch

Seite von 64
Ақау және ескерту коды
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Ыдыс жуғыш машинаға су
құйылмай тұр.
Бейнебетте 
көрсетіледі.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте
төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты
жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Бейнебетте 
көрсетіледі.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Ішкі түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал
қосулы.
Бейнебетте 
көрсетіледі.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Жұмыс барысында құрылғы
көп рет тоқтап және қайта
іске қосылады.
• Бұл қалыпты жағдай. Бұл оңтайлы жуу нәтижесіне қол
жеткізуге көмектеседі және қуатты үнемдейді.
Бағдарлама өте ұзаққа
созылады.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
кешіктіру функциясын ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз.
Қалған уақыт дисплейде
көбейіп көрінеді де,
бағдарлама уақытының
соңына өтеді.
• Бұл ақау емес. Құрылғы дұрыс жұмыс істеп тұр.
Құрылғының есігінен сәл су
жылыстап ағады.
• Құрылғы деңгейі дұрыс орнатылмаған. Өзгермелі
аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз немесе
қатайтыңыз.
• Құрылғының есігі науаның ортасына қарай
орнатылмаған. Артқы аяғын (егер бар болса) реттеңіз.
Құрылғының есігін жабу
қиын.
• Құрылғы деңгейі дұрыс орнатылмаған. Өзгермелі
аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз немесе
қатайтыңыз.
• Ыдыстардың кей бөліктері себеттерден шығып тұр.
Құрылғының ішінен
гүрілдеген/тарсылдаған
дыбыс шығады.
• Ыдыстар себеттерге дұрыс салынбаған. Себеттерді
толтыру парақшасын қараңыз.
• Бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
17