Zanussi ZWSH 7100 VS Benutzerhandbuch

Seite von 60
Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
• Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. “Күту менен тазалау” тарауын
қараңыз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанын көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу циклын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын циклды орнатсаңыз,
су төгу циклын орнатыңыз.
• Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе,
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су
төгетін сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді немесе
жуу циклы әдеттегіден
ұзаққа созылады.
• Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе
теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
• Айналдыру циклын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын циклды орнатсаңыз,
су төгу циклын орнатыңыз.
• Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе,
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су
төгетін сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Еденге су аққан.
• Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын және төгетін түтіктерге ешбір зақым келмегеніне
көз жеткізіңіз.
• Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына
көз жеткізіңіз.
18
www.zanussi.com