Polaris PIR 2447 K голубой Benutzerhandbuch

Seite von 28
21 
 
 
Құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтыққа  салуға    мүлдем  болмайды.    Ылғал  қолмен  құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  тоқ  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз 
ету  үшін    жерлендіру    бекітілген  электротехникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Қоректендірудің  стандартты  емес  көздерін  немесе  қосу  құрылғыларын    пайдалануға 
болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету    құқығынан 
айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз. 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды    сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден  ажыратуға  тиым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсель  ашасынан 
ұстаңыз. 
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті  мамандар –қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра 
алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге 
ұшыратуы  мүмкін. 
 
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының  білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Үтіктің ыстық табанын  алақаныңызбен ұстамаңыз.  Сапты және тетіктерді қолданыңыз. 
 
Үтікке су құймас бұрын, оны  желіден ажыратыңыз. 
 
Электр  тоғымен  күйіп  қалмас  үшін    сымды,  штепсель  ашасын,    құралды  суға  немесе  басқа  
сұйықтыққа салмаңыз. 
 
Желіге қосылған үтікті қараусыз қалдырмаңыз. Үтіктеп жатқан бөлмеден тым қысқа уақытқа  
шығатын болсаңыз да, шығар кезде үтікті желіден ажыратыңыз. 
 
Ешқашан да үтікті  үтіктейтін тақтайдың үстінде  қалдырмаңыз. Үтіктеу арасында тым қысқа 
уақытқа үзіліс жасайтын болсаңыз да әрдайым оны  таяныш-тірекке  тігінен қойыңыз.  
 
Балаларды  үтікке  тым  жақындатпаңыз,  әсіресе,  сіз  бу  шығаратын  функцияны    қолданатын 
болсаңыз. Жұмыс кезінде  электр үтіктер қатты қызады, және  үтіктің табанын  ұстау  немесе 
будың теріге тиюі   теріні қатты күйдіруі мүмкін. 
 
Үтіктен шығатын ыстық ауа өте қауіпті. Будың ағынын адамға бағыттамаңыз. 
 
Адамның үстіндегі киімді  үтіктеуге  және қыртысын жазуға  болмайды. 
 
Жұмыс  істеп  тұрған  пештің  қасында  немесе  басқа  да  электрмен  қызатын  құралдардың 
қасында  үтікті қолданбаңыз. 
 
Желілік сымның  ыстық заттарға немесе үтіктің табанына тиюіне  жол бермеңіз.