Polaris PHB 0518 Benutzerhandbuch

Seite von 31
22 
 
 
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  тоқ  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың 
желіде қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  сөндірулі екендігіне көз жеткізіңіз 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды  ыстықтан,  тікелей 
күн  сәулесінен,  сүйір  бұрыштарға  соғылудан,  ылғалданудан    сақтаңыз  (ешқашан 
құралды суға батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал суланған 
жағдайда бірден желіден ажыратыңыз.  
 
Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда  оны  бірден  желіден  ажыратыңыз.  Осы  кезде 
қолыңызды  суға  салмаңыз.  Қайта  қолданар  алдында  құралды  білікті  маман  тексеруі 
керек. 
 
Пайдаланып  болған  соң,  қондырмаларды    орнату  немесе  алу  кезінде,  құралды  
тазалағанда немесе сынған кезде оны үнемі желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  қараусыз  қалдырмаңыз.  Құралды  балалардың  қолы  жетпейтін  жерде 
сақтаңыз. 
 
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды.  Сондай-ақ, желілік сымнан 
ұстап  құралды    желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды  желіден  ажырату 
кезінде штепсель ашасынан ұстаңыз. 
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра 
орауға  болмайды,  себебі,    уақыт  өте  келе  бұл  сымның    үзілуіне  әкеп  соғуы  мүмкін. 
Қашанда сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті  мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана 
ауыстыра  алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны  
қауiп-қатерге ұшыратуы  мүмкін. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының  
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек. 
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін    электр  құралын  әдеттегі  тұрмыстық  
қалдықтармен бірге   лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған 
ортаны сақтауға  көмектесесіз. 
 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
 
Құралды жұмыс кезінде қараусыз қалдырмаңыз. 
 
Керек-жарақтарын немесе қондырмаларды ауыстырар алдында құралды сөндіріңіз. 
 
Қондырмалардың барлығы, блендердің білігі мен ішкі бөлшектерінің мұқият жуылып, 
стерилденгенін ұдайы қадағалаңыз. 
 
Жарақат  алмас  үшін,  саусақтарыңызды,  шашыңызды,  киімді  блендердің  қозғалатын 
бөлшектерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. 
 
Ақауы бар құралды немесе оның қондырмаларын ешқашан пайдаланбаңыз.  
 
Пышақтар толығымен тоқтағанша құралдың қақпағын ешқашан ашпаңыз. 
 
Назар аударыңыз! Құралды азық-түліксіз  қолдануға тыйым салынады.