Polaris PWK 1712 CAD Benutzerhandbuch

Seite von 21
 
19 
 
Тазарту және күту 
 
 
Құралды тазарту: 
 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
 
Ешқашан  құралдың  қоректендіру  түпқоярын,  сымын,  ашасын  немесе    түпқоярдың  негізін 
суға батырып салмаңыз және ағып тұрған судың астында ұстауға  мүлдем болмайды. 
 
Электр қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың  сыртын  алдымен  дымқыл    шүберекпен,  содан  кейін  құрғақ  сулықпен    сүртіңіз. 
Абразивті  жуғыш  құралдарды  және    метал  талшықтардан  жасалған    тырмалайтын 
губкаларды  қолданбаңыз. 
 
Құрал  сумен  жанаспайтын,  көзден  таса  орнатылған,    қыздыру  элементімен    жабдықталған. 
Бұндай конструкция  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді. 
 
Алмалы  көп  мәрте  пайдаланылатын    сүзгіні  уақытылы    тазартып  тұрыңыз.    Тазартудың 
жиілігі судың қаттылығына және құралдың қолдану жиілігіне байланысты. Тазарту,  сүзгіде 
қақ тұрып қалғанда және шәйнектен судың ағуы қиындағанда өткізіледі. 
 
Су тым қатты болса, қақ пен тұнбалар қайнауға арналған сыйымдылықта да түзілуі мүмкін.  
Бұл жағдайда  қақтан тазарту қажет.   
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқау: 
 
Қақтың  түзілуі  судың  қаттылығына  байланысты.  Қайнауға  арналған  сыйымдылықта  қақ  пен 
тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезінде тазарту  қажет. 
 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет.тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан  тазарту 
керектігін білдіреді.  
 
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін  лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға болады: 
•  25г. Лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
•  Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
•  15 минутқа қалдырыңыз. 
•  Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
•  Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
Немесе сіркесудың әлсіз ерітіндісі: 
• Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады.  
• Осы  қоспаны    қыздыратын  элемент  жабылатындай  етіп,  шәйнекке  құйыңыз,  бірнеше 
рет қайнатыңыз.  
• Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
 
Сондай-ақ  сіз  метал,  яғни  темірден  жасалған  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы 
құралдарды пайдалана аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз. 
 
Кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан  тазартуға  арналған  құралдар  
Сіздің POLARIS шәйнегіңізге жарамайды және оларды қолданған жағдайда, шәйнекті бүлдіруі 
мүмкін.  
 
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты  пайдаланғанда  әрқашанда су қосыңыз. Бұл ұнтақ құралды 
суы жоқ шәйнекке ешқашан салып қолданбаңыз. 
 
Шәйнектің ішін тазарту үшін ешқашан абразивті  жуғыш құралдарды қолданбаңыз. 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар  аударыңыз!  Сүзгіні  алғанда  немесе  орнатқанда  шәйнек    сөніп  тұруы  және  желіден 
ажыратылуы тиіс. Шәйнектің ішіндегі судың бәрін төгіңіз және толығымен суығанша күтіңіз.