Philips HX 6231/01 Sonicare 2 Series plaque control Benutzerhandbuch

Seite von 100
Ескертпе. Батареяны толық зарядтауға 48 сағатқа дейін кетуі мүмкін, 
бірақ Sonicare щеткасын толығымен зарядталмай тұрып пайдалануға 
болады.
Құрылғыны пайдалану
Щеткамен тазалау туралы нұсқаулар 
 1 
Қылшықтарды сулап, тіс пастасының азғана мөлшерін жағыңыз.
 2 
 Щетка қылшықтарын қызыл иекке азғантай бұрышпен келетіндей
етіп тіске жақындатыңыз (Cурет 5).
 3 
Sonicare құрылғысын қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
 4 
Sonicare тиімділігін барынша арттыру және Sonicare щеткасының
өз бетінше тазалауына мүмкіндік беру үшін жайлап басып,
қолданыңыз. Қатты қырмаңыз.
 5 
Қылшықтары тістердің арасында толығырақ кіруі үшін щетканы
тісте әрі-бері ақырын қозғалтыңыз. Тазалау циклында осындай
қозғалысты жалғастырыңыз.
Ескертпе. Ауыз қуысын толық тазалау үшін ауызды Quadpacer 
мүмкіндігімен 4 бөлікке бөліңіз («Мүмкіндіктер» тарауын қараңыз), 
(тек арнайы түрлерінде бар).
 6 
Әр бөлікті 30 секунд бойы тазалаңыз, жалпы щеткамен тазалау
уақыты 2 минут болуы керек. 1-бөлігінен (жоғарғы тістердің
сыртын) бастаңыз, содан кейін 2-бөлігін (тістердің ішін) щеткамен 
тазалаңыз. 3-бөлігінде (төменгі тістердің сыртын) жалғастырыңыз
да, соңында 4-бөлігін (төменгі тістердің ішін) щеткамен тазалаңыз  
(Cурет 6).
Ескертпе.  Щеткамен тазалау циклін аяқтағаннан кейін қосымша 
уақытты тістердің шайнау беттерін және дақтар пайда болатын 
аймақтарды щеткамен тазалауға жұмсауға болады. Сондай-ақ, қаласаңыз, 
щетка қосулы немесе өшірулі кезде щеткамен тілді тазалауға болады.
19
ҚАЗАҚША