Polaris PWK 1038 C белый Benutzerhandbuch

Seite von 22
 
• 
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға  мүлдем болмайды.  Ылғал қолмен құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
• 
Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда,  оны  бірден  желіден  ажыратыңыз.    Және  бұл  кезде 
қолды  суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті 
маман тексеріп шығуы керек.  
• 
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
• 
Құралды    тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосады.  Сіздің  қауіпсіздігіңізді 
қамтамасыз ету үшін  жерге тұйықталу  бекітілген электр техникалық  нормаларға сәйкес 
келуі  тиіс.  Стандартты  емес  қоректендіру  көздерін  немесе  қосу  құрылғыларын  
пайдалануға болмайды. 
• 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
• 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
• 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның ауыстырып-қосқышы «О»  қалыбында тұрғанына  көз 
жеткізіңіз.   
• 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан  сақтаңыз.  Пайдаланып  болғаннан  кейін,  тазартқанда  немесе  құрал  сынып 
қалса  әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
• 
Құралды  желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды  желіден ажыратқанда штепсельді  ашадан 
ұстаңыз.   
• 
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету 
құқығынан  айырады.  
• 
Пайдаланып болғаннан кейін,  электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға 
болмайды,  себебі,    уақыт  өте  келе  бұл  сымның    үзілуіне  әкеп  соғуы  мүмкін.    Қашанда 
сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
• 
Сымды тек қана білікті  мамандар - сервис орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады. 
Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге 
ұшыратуы  мүмкін. 
• 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының  
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
• 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
• 
Шәйнекті тек қана ішуге жарамды суық суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды  басқа 
сұйықтықпен  ешқашан толтырмаңыз. 
• 
Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
• 
Шәйнекке тек ішуге жарамды суық суды құйыңыз. 
• 
Шәйнекті күн көзінің тіке түсуінен сақтаңыз. 
• 
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас 
үйлік шкафтардың астына  қоймаңыз. 
• 
Шәйнекті  тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз.      
• 
Шәйнекті max  белгісінен асыра және min белгісінен төмен толтырмаңыз.  Егер шәйнекке 
су  тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кетеді.   
17