Polaris PWK 1038 C белый Benutzerhandbuch

Seite von 22
• 
Алынбалы көп мәртелік сүзгі  жиі тазартып тұруды қажет етеді. Тазартудың жиілігі судың 
қаттылығына және  құралды пайдалану жиілігіне байланысты. Сүзгіде қақ пайда болғанда 
және шәйнектен сұйықтықтың шығуы қиындаған жағдайда сүзгіні қақтан тазарту керек. 
• 
Судың қаттылығы артса шәйнекте қақ және тұнба түзілуі мүмкін. Бұл жағдайда шәйнекті 
қақтан тазарту керек. 
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық: 
• 
Қақтың  пайда  боуы  судың  қаттылығына  байланысты.  Суды  қайнатуға  арналған 
сыйымдылықта қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезіне тазарту  
қажет. 
• 
Шәйнекті қақтан жүйелі түрде,  мүмкіндігінше айына  1 рет тазартып тұрыңыз. Егер сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
• 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    су  қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан 
тазарту керектігін білдіреді.  
• 
Сіздің  шәйнегіңізді  қақтан  тазарту  үшін    лимон  қышқылының  ерітіндісін  пайдалануға 
болады: 
 
25г. Лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
 
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
 
15 минутқа қалдырыңыз.  
 
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
 
Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
Немесе  сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады: 
 
Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады. 
 
Осы қоспаны  қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз,  
 
бірнеше рет қайнатыңыз.  
 
Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
• 
Сондай-ақ  сіз  металл  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды 
пайдалана аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз. 
• 
Метал  шәйнектерді,    кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан 
тазартуға  арналған  құралдар    Сіздің  POLARIS  шәйнегіңізге  жарамайды  және  оларды 
қолданған жағдайда, шәйнекті бүлдіруі мүмкін.  
• 
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты  пайдаланғанда  қашанда су қосыңыз. Бұл құралды суы 
жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
• 
Шәйнекті тазарту үшін абразивті жуғыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз. 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар  аударыңыз!  Сүзгіні  алу  немесе  орнату  кезінде  шәйнек  сөнген  және  желіден 
ажыратылған болуы тиіс. Шәйнектегі  суды  төгіңіз және шәйнек суығанша күте тұрыңыз. 
• 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз. 
• 
Сүзгі шәйнектің алдыңғы бөлігінде, қапақтың астында орналасқан. 
• 
Сүзгіні  тазарту  үшін,  оны  шәйнектен  шығарыңыз,  ол  үшін  сүзгіні  колбасы  жағынан 
ұстаңыз және  ілмегін шәйнектің тұмсығы жағынан жайлап басыңыз. 
• 
Сүзгіні  ағып  тұрған  судың  астына  қойып,  жұмсақ  қылшақтың  (жиынтыққа  кірмейді)  
көмегімен абайлап тазартыңыз. 
• 
Сүзгіні шәйнекке орнатқанда қолыңыз жақсылап жуылған болуы тиіс. Қолдың терісінде 
сабын, крем және т. б. болмауы тиіс, себебі бұл  суға жағымсыз дәм беруі мүмкін.  
• 
Тазартылған сүзгіні шәйек тұмсығының ішіндегі науашыққа орнатыңыз. 
 
 
 
20