AEG L 87695 NWD Benutzerhandbuch

Seite von 80
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
• Құрылғыны іске қосқанда.
• Құрылғыны сөндіргенде.
• Түймешіктерді басқанда.
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін 
 және   түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
8.2 Бала қауіпсіздігінің
құралы 
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін 
 және   түймешіктерін   
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
• Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
• Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігін баспай тұрып: құрылғы
іске қосылмайды.
8.3 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін   және   түймешіктерін
Қосымша шаю индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
9. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ
9.1 Бірінші қолданғанға
дейін
1. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
9.2 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
www.aeg.com
20