AEG L 87695 NWD Benutzerhandbuch

Seite von 80
Кірді жақсы кептіру үшін
құрылғы жуылатын және
кептірілетін заттар үшін
өте төмен жылдамдық
мәнін орнатуға жол
бермейді.
2. Бағдарламаны бастау үшін Start/
Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін
басыңыз.
Орнатылған құрғақтық деңгейдің
белгісі (мысалы, Шкафқа) жанып
тұрады. Басқа деңгейлердің
белгілері сөнеді.
Есік бекітулі белгісі жанады.
Дисплейде минут сайын жаңа уақыт
мәні көрсетіледі.
Кептіру циклының соңғы
минуттарында құрылғы
мыжылудан сақтау және
салқындату циклдарын
орындайды.
11.3 Жуу және кептіру
уақыты
ЕСКЕРТУ!
Барабанға жуғыш затқа
арналған пластик құрал/
шарды салмаңыз.
1. Кептіру уақытын орнату үшін
Кептіру уақыты түймешігін қайта-
қайта басыңыз.
Кептіру белгісі жанады.
Мыжылудан сақтау белгісі
жанады.
Кептіру уақытының белгісі
жанады.
Дисплейде орнатылған кептіру уақыты
көрсетіледі.
Кептіру уақытының мәнін
орнатыңыз.
Осы түймешікті басқан сайын уақыт
мәні 5 минутқа артып отырады.
Кірді жақсы кептіру үшін
жуылатын және
кептірілетін заттар үшін
өте төмен жылдамдықты
орнатпауға кеңес береміз.
2. Бірнеше секундтан кейін
дисплейде циклдардың жалпы
ұзақтығы пайда болады:
Ең соңғы уақыт (жуу + кептіру +
мыжылудан сақтау + салқындату
циклдары)
Егер 10 минут кептіру
уақытын ғана орнатсаңыз,
соңғы уақытқа мыжылудан
сақтау мен салқындату
циклдары да кіреді.
3. Бағдарламаны бастау үшін Start/
Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін
басыңыз.
Есік құлыпталған.
Дисплейде минут сайын жаңа уақыт
мәні көрсетіледі.
11.4 Кептіру бағдарламаның
соңы
1. Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды.
2. Дыбыстық сигналдар (егер
қосылып тұрса) естіледі.
3. Бейнебетте   жанады.
4. Start/Pause (Бастау/Үзіліс)
түймешігінің индикаторы сөнеді.
5. Кептіру циклының соңғы
минуттарында құрылғы
мыжылудан сақтау циклын
орындайды.
ҚАЗАҚ
27