Redmond RCG-CBM 1604 Benutzerhandbuch

Seite von 28
18
электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы 
мүмкін. Зақымдалған электр кабелі сервис-
орталықта жедел ауыстыруды талап етеді.
•  Құралды тек қорғаныс қақпағы жабық кезде 
қолдануға рұқсат етіледі. Құрал электр желісіне 
қосулы  кезде  ротациялық  пышақтарға  қол 
тигізуге,  сондай-ақ  пышақтарды  қолмен 
айналдыруға тыйым салынады. 
•  Бөгде заттарды кофеұнтақтағыштың ыдысына 
салмаңыз. Құралды пайдалану кезінде абай 
болыңыз. 
•  Жұмыс істеп тұрған кезде құралдың қозғалып 
тұрған бөліктеріне қол тигізуге тыйым салынады.
•  Аспапты  ашық  ауада  пайдалануға  тыйым 
салынады: құрылғы корпусының ішіне су немесе 
бөгде заттардың түсуі оны қатты зақымдауы 
мүмкін.
•  Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен 
өшіріліп, толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты 
тазалау бойынша нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Аспап  корпусын  суға  батыруға  ТЫЙЫМ 
САЛЫНАДЫ!
•  Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық 
ауытқулары бар немесе тәжірибесі мен білімі 
жетіспейтін  адамдардың  (оның  ішінде 
балалардың) қолдануына арналмаған, мұндай 
тұлғалар қадағаланып, олардың қауіпсіздігі үшін 
жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға 
қатысты нұсқау жасалған жағдайлардан басқа. 
Балалардың аспаппен, оның жинақтаушыларымен, 
сонымен қатар зауыттық орамымен ойнауына 
жол бермеу мақсатында қадағалап отыру қажет. 
Құрылғыны  тазалау  және  қызмет  көрсетуді 
балалар ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
•  Аспапты  өздігіңізбен  жөндеуге  немесе 
құрылымына өзгеріс енгізуге тыйым салынады. 
Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық 
жұмыстарды авторландырылған сервис-орталық 
жасауы керек. Біліксіз жасалған жұмыс аспаптың 
бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануына 
әкеліп соқтыруы мүмкін.