Saeco HD 8888/19 Intelia Deluxe Benutzerhandbuch

Seite von 73
Маңызды 
Абайлаңыз 
-
Құрылғыны техникалық сипаттамаларға сәйкес кернеулі қабырға
розеткасына қосыңыз.
-
Құрылғыны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
-
Қуат сымы үстел немесе жұмыс орны жиегінен салбырап тұрмауы тиіс не
ыстық беттерге тимеуі керек.
-
Құрылғыны, электр тығынын немесе қуат сымын суға батырмаңыз (электр
тогының соғу қаупі).
-
Қуат сымы жалғағышына сұйықтықтарды ешқашан құймаңыз.
-
Ыстық су ағынын корпус бөліктеріне тікелей бағыттамаңыз. күйіктер қаупі.
-
Ыстық беттерді ұстамаңыз. Саптарын және тұтқаларын қолданыңыз.
-
Артқы тақтадағы негізгі қосқышпен құрылғыны өшіріп, электр тығынын
розеткадан алып тастаңыз:
-
Егер ақаулық орын алса.
-
Егер құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса.
-
Құрылғыны тазалау алдында.
-
Қуат сымынан емес, тығыннан тартыңыз.
-
Электр тығынын ылғалды қолдармен түртпеңіз.
-
Электр тығыны, қуат сымы немесе құрылғының өзі зақымданған болса,
құрылғыны қолданбаңыз..
-
Құрылығыға немесе қуат сымына өзгерістер жасамаңыз.
-
Қауіпті болдырмау үшін жөндеу жұмыстары тек Philips ұйымымен
өкілеттік берілген қызмет орталығымен орындалуы керек..
-
Құрылғыны 8 жастан кіші балалар пайдаланбауы керек.
-
Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады. 
-
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін 8
жастан кіші және бақылаусыз балаларға орындауға болмайды. 
-
Құрылғыны және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
-
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Кофе тартқышқа саусақтар немесе басқа нысандар ешқашан салмаңыз.
Абайлаңыз 
-
Осы құрылғы тек қалыпты тұрмыстық қолданысқа арналған. Ол
дүкендердің, кеңселердің, фермалардың немесе басқа жұмыс
орталарының қызметкерлердің ас үйлері сияқты орталарда пайдалануға
арналмаған.
-
Құрылғыны әрқашан тегіс және тұрақты бетке қойыңыз. Оны тасымалдау
кезінде де тік күйде ұстаңыз.
-
Құрылғыны плиткаға, не болмаса ыстық духовканың, жылытқыштың
немесе ұқсас жылу көзінің тікелей жанына қоймаңыз.
6
Қазақша