Polaris PWS 1831 DG Spa Benutzerhandbuch

Seite von 16
12 
 
Еденде орнатылатын электронды таразы
 
POLARIS 
Моделі PWS 1831DG Spa 
 
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 
 
POLARIS  сауда  белгісімен  шығатын  өнімді  таңдағаныңыз  үшін  алғыс  білдіреміз.  Біздің 
бұйымдар  сапа,  функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес  жасалған.  
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.  
Құралды  пайдаланбас  бұрын  осы  нұсқаулықпен  мұқият  танысыңыз,  онда  Сіздің 
қауіпсіздігіңізге қатысты  маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге 
қатысты кеңестер  берілген. 
Нұсқаулықты  кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон  қорапта 
және орама  материалымен бірге сақтаңыз. 
 
Мазмұны 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар   ............................................................................................. 12 
Пайдалану саласы .................................................................................................................................... 13 
Құралдың сипаттамасы ........................................................................................................................... 13 
Жинақталуы  ............................................................................................................................................ 13 
Жұмысқа дайындау және пайдалану ..................................................................................................... 13 
Тазарту және күтім .................................................................................................................................. 14 
Техникалық сипаттамасы ....................................................................................................................... 15 
Сертификаттау туралы ақпарат.............................................................................................................. 15 
Кепілдік міндеттеме ................................................................................................................................ 16 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар 
 
 
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.   
 
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз.  
 
Платформаның дымқыл қабаты  тайғанақ болуы мүмкін – таразыны пайдаланар алдында 
құрғақ шүберекпен  сүртіңіз. 
 
Судың немесе басқа сұйықтың  таразының ішіне жол бермеңіз, өйткені бұл құралды істен 
шығарып, сынуына әкеп соғуы мүмкін. 
 
Құралды құлаудан және соғылудан сақтаңыз.  
 
Тензотетіктің бұзылуына жол бермес үшін – платформаға секірмеңіз және таразыға  ауыр 
заттарды  қоймаңыз.  
 
Егер  LCD  дисплейде  ұзақ  уақыттай  қате  көрсеткіш  жанып  тұрса,  азғантай  ақауды  жою 
үшін,  батареяларды, оларға арналған бөлікті ашып, шамамен 3 сек. алып тастаңыз, содан 
кейін оларды қайтадан батарея бөлігіне орнатыңыз, таразы қосылуы керек.  
 
Құралды  балалардың  қолы  жетпейтін  жерде  сақтаңыз.    Балалардың  құралмен  ойнауына 
жол бермеңіз. 
 
Аталмыш    құралды  қолдануға  қатысты  қауіпсіздіктері  үшін  жауап  беретін  тұлғаның 
нұсқаулығы  жүргізілген  немесе  қадағалау  жүзеге  асырылған  кездерді  есепке  алмағанда, 
білімі  мен  тәжірибесі  жоқ  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық 
ауытқулары  бар  тұлғалардың  (балаларды  қоса  алғанда)  қолдануына  арналмаған.  
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.