Redmond RMC-FM 4520 серая Benutzerhandbuch

Seite von 48
40
«ЖАРКА» бағдарламасы
Ет, құс еті, балық және көпшілік тағамды қуыруға арналған.
Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 15 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа 
дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. Бұл бағдарламада стартты шегеру функциясы қол жетімді емес.
Тапсырылған әзірлеу температурасы болғанда аспап дыбыс сигналын шығарады.
Ингредиенттер күйіп жабыспау үшін рецепттер кітабындағы нұсқаулықтарды ұстануға және таба ішіндегісін 
аралыстырып тұруға кеңес беріледі. «ЖАРКА» бағдарламасын қайта пайдаланудың алдында аспапты толық суытыңыз. 
Азықты ашық қақпақпен қуыруға кеңес беріледі — бұл қытырлақ қабықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«ЙОГУРТ» бағдарламасы
Үйде жасалған йогурт әзірлеуге және қамырды тындыруға арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 8 сағат 
құрайды. Әзірлеу уақытын 30 минут қадамымен 30 минуттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. 
Ингредиенттерді салғанда олар табаның пайдалы көлемінің жартысынан көп алмайтынын байқаңыз. Бұл бағдарла-
мада стартты шегеру функциясы қол жетімді емес.
Йогурт әзірлеу үшін REDMOND RAM-G1 йогуртқа арналған арнайы банкалар жинағын пайдалана аласыз (жеке сатып 
алынады).
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бидай ұнынан және қара бидай ұны қосылған әртүрлі нан түрін пісіруге кеңес беріледі. Бағдарлама қамырды тын-
дырудан пісіруге дейін толық әзірлеу айналымын қарастырады. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 3 сағат құрай-
ды. Әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен 10 минуттан 6 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Бұл бағдарламада «Автоподогрев» функциясының ең ұзақ жұмыс істеу уақыты үш сағатпен шектелген. «Отсрочка 
старта» функциясын пайдалануға кеңес берілмейді, өйткені бұл пісіру сапасына әсер етуі мүмкін.
Бағдарламаның бірінші жұмыс істеу уақыты ішінде қамыр тынытынын, одан кейін пісірудің өзі болатынын есепке алу 
керек. Ұнды пайдаланар алдында оны оттегіге қанықтыру және қоспаларды кетіру үшін елеуге кеңес беріледі. Уақыт-
ты қысқарту және әзірлеуді жеңілдету үшін нанды әзірлеудің дайын қоспаларын пайдалануға кеңес береміз. 
Ингредиенттерді салғанда олар табаның пайдалы көлемінің жартысынан көп алмайтынын байқаңыз.
Әзірлеу уақыты 1 сағаттан аз орнатылғанда «Старт» түймешігі басылған соң пісіру үдерісі басталады. Нан бір-
келкі пісу үшін оны аспап дыбыс сигналын шығарған соң аудару керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды аспаптан шығару үшін асханалық қолғапты пайдаланыңыз.
Мультипісіргіш қақпағын қамырды тындыру кезеңінде ашпаңыз! Бұған пісірілетін азықтың сапасы байланысты.
«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Бағдарлама бұқтырылған ет, рулька, сонымен қатар піскен сутті әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 3 
сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут қадамымен 5 минуттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. 
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама суға күріш пен үгілмелі ботқа әзірлеуге арналған. Бағдарлама су толық қайнап біткен соң автоматты түрде 
өшуді қарастырады. Әзірлеу уақытын қолмен орнату мүмкіндігі, сонымен қатар «Отсрочка старта» («Стартты шегеру») және 
«Автоподогрев» («Автоысыту») функциялары бұл бағдарламада қол жетімді емес.
Әзірлеу бағдарламасын күту режимінде іске қосу үшін «Старт» түймешігін басыңыз. Әзірлеу режимінің индикаторла-
ры және «Старт» түймешігінің жарығы жанады. Орнатылған бағдарлама орындала бастайды.
III. АСПАП КҮТІМІ
Жалпы ережелер мен кеңестер 
•  Аспапты алғашқы пайдаланар алдында, сонымен қатар мультипісіргіште әзірлеген соң ас иісін кетіру үшін 
ішінде «НА ПАРУ» бағдарламасында 15 минуттың ішінде жарты лимон өңдеуге кеңес береміз.
•  Жабық мультипісіргіште әзірленген тағам бар немесе су толған табаны 24 сағаттан артық қалдырмау керек. 
Дайын тағамы бар табаны тоңазыткерамикалықта сақтай аласыз және қажет болғанда ысыту функциясын 
пайдаланып, тағамды мультипісіргіште ысыта аласыз (14 бет).
•  Егер аспапты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны электр желісінен ажыратыңыз. Қыздыру дискісін қоса, жұмыс 
камера, таба, ішкі қақпақ пен бу клапаны таза және құрғақ болуы керек.
•  Бұйымды тазалауға кірісудің алдында ол электр желісінен ажырап тұрғанына және толық суығанына көз жеткізіңіз. 
Тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс жууға арналған жұмсақ құралдарды пайдаланыңыз.
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. 
Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе асқа тиетін заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа 
заттарды пайдалануға болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
•  Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олар зақымданса немесе майысса, аспап 
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•  Бұйым корпусын ластанған сайын тазалауға болады. Таба, ішкі алюминий қақпақ және шешілмелі бу клапанын 
аспапты пайдаланған сайын тазалау керек. Муільтипісіргіште ас әзірлену барысында қалыптасатын конденсат-
ты құрылғы пайдаланылған сайын кетіріңіз. Жұмыс камераның ішкі беттерін қажет болғанда тазалаңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым копусын жұмсақ ылғал асханалық майлықпен немесе губкамен тазалаңыз. Жұмсақ тазалау құралын қолдануға 
болады. Корпуста аққан су іздері мен айғыздарды болдырмау үшін оның бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табаны тазалау 
Сіз табаны жұмсақ губка мен ыдысты жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс жуатын машинада да тазалай аласыз 
(өндіруші кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлегенде табаға жылы су құйып, біраз уақыт жібітіп қойыңыз, одан кейін тазалап шығыңыз. Табаны муль-
типісіргіш корпусына қоюдың алдында сыртқы бетін міндетті түрде кептіріп сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе жартылай өзгеруі мүмкін. 
Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Ішкі алюминий қақпақты тазалау 
1.  Мультипісіргіш қақпағын ашыңыз.
2.  Қақпақтың ішкі жағындағы төменгі бөлігінде екі пластмасса бекіткішті ортаға қарай бірге басыңыз. Ішкі алю-
миний қақпақты негізгі қақпақтан бөлінетіндей, күш салмай, өзіңізге қарай төмен жаққа біраз тартыңыз.
3.  Екі қақпақтың беттерін ылғал асханалық майлықпен немесе губкамен сүртіңіз. Қажет болғанда шешілген қақпақты 
ыдыс жуу құралын пайдаланып, ағып тұрған суда жуыңыз. Ыдыс жуу машинасын бұл жағдайда пайдаланбау 
керек.
4.  Екі қақпақты кептіріп сүртіңіз.
5.  Алюминий қақпақты жоғарғы қуыстарға салыңыз. Шешілмелі алюминий қақпақты негізгі қақпақпен салыстырыңыз. 
Бекіткіштерді сыртыл естілгенше біраз күш салып басыңыз.
Шешілмелі бу клапанын тазалау 
Бу клапаны аспаптың жоғарғы қақпағындағы арнайы ұяшыққа орнатылған және сыртқы және ішкі қабықтардан 
тұрады.
1.  Сыртқы қабықты қақпақ қуысындағы шығыңқы жерден ұстап, жоғары және өзіңізге қарай абайлап тартыңыз.
2.  Клапанның төменгі жағындағы пластмасса бекіткішті басып, ішкі қабықты шешіңіз.
3.  Қажет болғанда клапан резиналарын абайлап шығарыңыз. Клапанның барлық бөліктерін жуыңыз.
4.  Керісінше тәртіпте жинаңыз: резиналарды орнына салыңыз, клапанның негізгі бөлік бекіткіштерін жоғарғы 
қабықтағы тиісті ілмектерге келтіріңіз және қабықтарды сыртыл естілгенше салыстырыңыз. Бу клапанын аспап 
қақпағындағы ұяшыққа тығыз орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Клапан резинасы майысып қалмауы үшін оны шешу, тазалау және орнату кезінде бұрмаңыз 
және тартпаңыз.
Конденсатты кетіру
Осы үлгіде конденсат аспап корпусында таба айналысында арнайы қуыста жиналады. Мультипісіргіш пайдаланылған 
сайын таба айналасында қалған конденсатты асханалық майлықтың көмегімен кетіріңіз.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың аспаптың жұмыс камера-
сының ішіне түсу мүмкіндігі аз. Егер қаты ластанса, аспаптың қате жұмысынан немесе аспап бұзылуынан бас тарту 
үшін жұмыс камерасының беттерін тазалау керек.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалаудың алдында аспап электр желісінен ажыратылып, толық суығанына 
көз жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық термоқадаға қабығын (қыздыру 
дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен немесе майлықпен тазалауға болады. Егер сіз жуу құра-
лын қолдансаңыз, кейін ас әзірлегенде керексіз иісті болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.