Philips BRI 863/00 Lumea Essential IPL Benutzerhandbuch

Seite von 166
төмендегенін байқайсыз. Түк тығыздығының
төмендеуі жақсы көрінуі керек. Нәтиже алу үшін жиі
түртумен (4 апта сайын) өңдеуді жалғастырыңыз.
Қараю кезіндегі кеңес
Табиғи немесе жасанды күн сәулесімен қарайту
Қарайту мақсатында теріге табиғи не жасанды күн
сәулесін әдейі түсірген кезде тері түсі мен
сезгіштігіне әсер етеді. Сол себепті, келесілер
маңызды:
-
Әрбір емдеуден кейін қарайту алдында кемінде
48 
сағат күтіңіз. 48 сағаттан кейін өңделген тері
өңдеуден кейін қызармайтынын тексеріңіз.
-
Өңдеуден кейін 48 сағат ішінде теріге күн
сәулесі әсер еткен жағдайда (әдейі қарайтпаған
жағдайда) өңделген аймақтарға SPF 50+ күннен
қорғайтын кремін пайдаланыңыз. Осы кезеңнен
кейін SPF 30+ күннен қорғайтын кремін екі апта
пайдалануға болады.
-
Қарайтқаннан кейін Lumea пайдалану алдында
кемінде 2 апта күтіңіз.
-
Соңғы қарайтудан кейін тиісті жарық қарқыны
параметрін анықтау үшін тері сынағын
орындаңыз. Нұсқаулар үшін «Тері сынағы»
тарауын қараңыз.
-
Күнге күйген дене аймақтарына Lumea
пайдаланбаңыз.
Ескерту: Кездейсоқ және жанама күн әсері
қарайту болып есептелмейді.
Кремдермен қарайту
Егер жасанды теріні қарайту лосьонын
пайдаланған болсаңыз, құрылғыны пайдалану
алдында жасанды қараю толығымен жоғалғанша
күтіңіз.
146
Қазақша