Brother PJ-723 Betriebsanweisung

Seite von 7
Айнымалы ток розеткасына қосу (қосымша)
Айнымалы ток қуаты арқылы принтерге қуат беру үшін немесе қайта 
зарядталатын литий ионды батареяны зарядтау үшін принтерді жақын 
жердегі айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
1.
Айнымалы ток адаптерін принтерге жалғаңыз.
2.
Айнымалы ток қуатының сымын айнымалы ток адаптеріне 
жалғаңыз.
3.
Айнымалы ток қуатының сымын жақын жердегі айнымалы ток 
розеткасына жалғаңыз. 
(100-240 В айнымалы ток, 50-60 Гц).
Тұрақты ток розеткасына қосу (қосымша)
Тұрақты ток қуаты арқылы принтерге қуат беру үшін немесе қайта 
зарядталатын батареяны зарядтау үшін принтерді көліктің 12 В тұрақты 
ток розеткасына (тұтандырғыш немесе соған ұқсас) қосыңыз.
1.
Көлік адаптерін көліктің 12 В тұрақты ток розеткасына қосыңыз.
2.
Көлік адаптерін принтерге жалғаңыз.
Принтер үлгісіне жəне басып шығару үшін қолданылатын компьютердің 
немесе мобильді құрылғының үлгісіне байланысты бірнеше басып 
шығару əдісін қолдануға болады.
Қосымша мəліметті Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы бөлімінен 
қараңыз да, басқа қолданбаларды қажетінше компьютеріңізге немесе 
мобильді құрылғыңызға орнатыңыз.
Принтер драйверін жəне қолданбаларды орнату 
(Windows
®
 компьютерін немесе Mac қолданған кезде)
Windows
®
 компьютерінен немесе Mac компьютерінен басып шығару 
үшін принтер драйверін, P-touch Editor жəне басқа қолданбаларды 
компьютеріңізге орнатыңыз.
1.
Веб-торапқа кіріңіз (www.brother.com/inst/) де, бағдарламалық 
құрал мен құжаттар үшін орнату құралын жүктеп алыңыз.
2.
Жүктеп алынған .exe файлын екі рет басып, орнатуды жалғастыру 
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Орнату құралының 
бағдарламалық құралын таңдау терезесінде қалаған 
бағдарламалық құралды таңдаңыз.
Принтер драйверлері мен қолданбаларды жаңарту
Ең соңғы нұсқаларды Brother Solutions Center веб-торабынан 
(support.brother.com/) жүктеп алуға болады. Драйверлер мен 
қолданбалардың ең соңғы нұсқасын орнататып жатқаныңызға көз 
жеткізу үшін веб-торапқа кіруді ұсынамыз.
Бағдарламалық құралды əзірлеу жинағы (SDK) қолжетімді.
Brother Developer Center (www.brother.com/product/dev/index.htm) 
веб-торабына кіріңіз.
Принтерді компьютерге немесе мобильді құрылғыға USB кабелі немесе 
Bluetooth қосылымы (тек PJ-762/PJ-763/PJ-763MFi) не Wi-Fi қосылымы 
(тек PJ-773) арқылы жалғауға болады. Қосымша ақпаратты 
Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы бөлімінен қараңыз.
USB арқылы жалғау
1.
USB кабелін жалғамас бұрын принтердің өшірілгенін тексеріңіз.
2.
USB кабелінің принтер жақтағы ұшын принтердің бүйіріндегі 
USB ұяшығына жалғаңыз.
3.
USB кабелінің екінші ұшын принтердеді USB ұяшығына жалғаңыз.
Bluetooth арқылы жалғау (тек PJ-762/PJ-763/PJ-763MFi)
Bluetooth басқару бағдарламалық құралын қолданып принтерді 
компьютермен немесе мобильді құрылғымен жұптастыру үшін осы 
процедураны орындаңыз.
1.
Принтерді іске қосу үшін   (Қуат) түймесін басып тұрыңыз да, 
содан кейін  
(Bluetooth) 
түймесін басып тұрыңыз.
2.
Принтерді табу үшін Bluetooth құрылғысын басқаратын 
бағдарламалық құралын пайдаланыңыз.
Wi-Fi
®
 арқылы жалғау (тек PJ-773)
1.
 (Wi-Fi) түймесін бір секунд басып тұрыңыз. 
Принтердегі  
(Wi-Fi) 
индикаторы үш секунд сайын көк түспен 
жыпылықтай бастайды.
2.
Принтердің SSID идентификаторын («DIRECT-*****_PJ-773») 
таңдау үшін компьютерді немесе мобильді құрылғыны 
пайдаланыңыз. Қажет болса, («773*****») құпия сөзді енгізіңіз.
Принтерді сыртқы қуат көзіне қосу
1
Айнымалы ток адаптері
2
Айнымалы ток қуатының 
сымы
ЕСКЕРТПЕ
Айнымалы ток адаптері мен айнымалы ток қуат сымы қосымша 
керек-жарақтар болып табылады. Сатып алған кезде, принтер 
қолданылатын аймаққа сəйкес келетін адаптерді жəне қуат сымын 
таңдаңыз.
1
Көлік адаптері
ЕСКЕРТПЕ
• Көлік адаптері қосымша керек-жарақ болып табылады.
• Көлікте берілетін кернеу өзгеруі мүмкін. Басып шығару 
жылдамдығы берілген кернеуге байланысты өзгеруі мүмкін.
• Ең жоғары кернеу – 12 В тұрақты ток.
• Көлік адаптерінің ашасы 12 В тұтандырғыш түріндегі емес басқа 
розеткалармен үйлесімді болмайды.
• Көлік адаптері зарядталатын литийлі-ионды батареяны зарядтау 
үшін жалғанған кезде, батареяны толық зарядтау үшін қажетті 
кернеудің көлемін тұрақты ток қуат көзі бермеуі мүмкін.
Зарядтау басталғаннан бері 9 сағат өтсе, зарядталатын литийлі-
ионды батарея толық зарядталмаса да, STATUS индикаторы 
сөнеді де, зарядтау тоқтайды.
1
2
1
Бағдарламалық құралды компьютерге 
немесе мобильді құрылғыға орнату
Принтерді компьютерге немесе 
мобильді құрылғыға жалғау
ЕСКЕРТПЕ
• Bluetooth мүмкіндігімен жабдықталған құрылғылардың 
(компьютерлер мен мобильді құрылғылар) немесе Bluetooth 
адаптерінің өндірушісінің ұсыныстарын орындаңыз да, кез келген 
қажеті аппараттық құралды жəне бағдарламалық құралды 
орнатыңыз.
• Bluetooth қосылымының параметрлері тіпті принтер өшірілгеннен 
кейін де сақталады.
ЕСКЕРТПЕ
Wi-Fi пайдалану туралы қосымша ақпаратты Интернеттегі 
пайдаланушы нұсқаулығы бөлімінен қараңыз.