Samsung MW3100H Микроволновая печь Соло с Функцией Очистки Паром, 23 л. Benutzerhandbuch

Seite von 128
Казақ - 22
1. Көкөністер және дәнді дақылдар 
Код/Тағам
Үстелге 
тарту 
мөлшері 
Нұсқаулар
1-1
Брокколи
250 г
500 г
Жас брокколиді жуып тазалап, гүлдерін бөліңіз. 
Оларды қақпағы бар, шыны шараға біркелкі 
таратып салыңыз. 250 г пісірген кезде 30 мл 
(2 ас қасық) су қосыңыз, 500 г пісіру үшін 
60-75 мл (4-5 ас қасық) су қосыңыз. Шараны 
бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. 
Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін 
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-2
Сәбіз
250 г
Сәбіздерді шайып, тазалап, біркелкі етіп 
тураңыз. Оларды қақпағы бар, шыны шараға 
біркелкі таратып салыңыз. 250 г пісіру үшін 
30 мл (2 ас қасық) су құйыңыз. Шараны 
бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. 
Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін 
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-3
Жасыл бұршақ 
250 г
Жасыл бұршақтарды шайып, тазалаңыз. 
Оларды қақпағы бар, шыны шараға 
біркелкі таратып салыңыз. 250 г пісіру үшін 
30 мл (2 ас қасық) су құйыңыз. Шараны 
бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. 
Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін 
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-4
Шпинат
150 г
Шпинатты шайып, тазалаңыз. Қақпағы 
бар, шыны ыдысқа салыңыз. Су қоспаңыз. 
Шыныаяқты бұрылмалы табақтың ортасына 
қойыңыз. Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп 
болғаннан кейін араластырыңыз. 1-2 минут қоя 
тұрыңыз.
1-5
Өзегі алынбаған 
жүгері 
250 г
(1 дана)
Өзегі алынбаған жүгеріні шайып, тазалап, 
сопақ шыны ыдысқа салыңыз. Микротолқын 
таспасымен жауып, таспаны тесіңіз. 1-2 минут 
қоя тұрыңыз.
Код/Тағам
Үстелге 
тарту 
мөлшері 
Нұсқаулар
1-6
Қабығы аршылған 
картоп
250 г
500 г
Картоптарды жуып, аршып, бірдей етіп тураңыз. 
Оларды қақпағы бар, шыны ыдысқа салыңыз. 
45-60 мл (3-4 ас қасық) су қосыңыз. Шыныаяқты 
бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Бетін 
жауып пісіріңіз. 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-7
Қоңыр күріш (Буға 
ұсталған) 
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын 
қолданыңыз. Суық судан екі есе көп құйыңыз 
(250 мл). Бетін жауып пісіріңіз. Қоя тұрар 
алдында араластырыңыз және тұз, дәмдеуіш 
шөп қосыңыз. 5-10 минут қоя тұрыңыз.
1-8
Еленбеген ұн 
макароны 
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын 
қолданыңыз. Қайнаған судан 500 мл құйыңыз, 
бір шөкім тұз салып, жақсылап араластырыңыз. 
Бетін жаппай пісіріңіз. Араластырғаннан 
кейін қоя тұрыңыз, содан кейін суын әбден 
сорғытыңыз. 1 минут қоя тұрыңыз.
1-9
Квиноа 
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын 
қолданыңыз. Суық судан екі есе көп құйыңыз 
(250 мл). Бетін жауып пісіріңіз. Қоя тұрар 
алдында араластырыңыз және тұз, дәмдеуіш 
шөп қосыңыз. 1-3 минут қоя тұрыңыз.
1-10
Булгур 
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын 
қолданыңыз. Суық судан екі есе көп құйыңыз 
(250 мл). Бетін жауып пісіріңіз. Қоя тұрар 
алдында араластырыңыз және тұз, дәмдеуіш 
шөп қосыңыз. 2-5 минут қоя тұрыңыз.
MS23H3115FW_BW_DE68-04240B-01_KK.indd   22
2014-07-11     6:05:46