Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Benutzerhandbuch

Seite von 445
Баспа құралы жəне науа
72
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Түпнұсқаларды дайындау 
142 x 148 мм-ден (5,6 x 5,8 дюйм) кіші немесе 216 x 356 мм-ден (8,5 
x 14 дюйм) үлкен қағазды салмаңыз.
Қағаздың кептеліп қалуына, баспа сапасының төмен болуына жəне 
құрылғының зақымдалуына жол бермеу үшін төмендегі қағаз 
түрлерін салмаңыз.
-
Көшіргіш қағаз немесе көшірме жасайтын қағаз
-
Борлы қағаз
-
Жұқа жылтыр қағаз немесе жұқа қағаз
-
Қыртыстары бар немесе мыжылған қағаз
-
Иілген немесе оралған қағаз
-
Жыртылған қағаз
Салмас бұрын, барлық қапсырмалар мен қыстырғыштарды алып 
тастаңыз.
Салмастан бұрын, желім, сия немесе түзеткіш сұйықтық 
толығымен кепкеніне көз жеткізіңіз.
Өлшемі немесе салмағы əртүрлі қағазды қамтитын түпнұсқалы 
құжаттарды салмаңыз.
Кітапшаларды, үндеухаттарды, слайдтарды немесе сипаттары 
əдеттен тыс құжаттарды салмаңыз.
Түпнұсқаларды салу
Түпнұсқаны көшіру, сканерлеу жəне факс арқылы жіберу үшін оны 
сканер шынысына немесе автоматты құжат бергішке салуға болады.
 
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе 
моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы 
мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (26-беттегі "Алдыңғы көрінісі" 
бөлімін қараңыз).
 
Сканер шынысында
Сканер шынысын пайдаланып, түпнұсқаларды көшіруіңізге немесе 
сканерлеуіңізге болады. Əсіресе түрлі-түсті немесе сұр шкала 
суреттердің сканерлеуінің жақсы сапасын көре аласыз. Құжат бергіште 
түпнұсқалар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Құжат бергіште түпнұсқа 
анықталса, құрылғы оны сканер шынысындағы құжаттан бұрын 
өңдейді.