Samsung 28" TV-монитор с функцией Мультиэкранного Режима Anleitung Für Quick Setup

Seite von 92
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар 
құрылғының сыртқы көрінісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы 
алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. 
Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру
1.  Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T/T2 (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті 
сигналдары таратылатын немесе DVB-C (MPEG2 және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды 
кабельдік телевизия қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T/T2 немесе DVB-C 
сигналдарын қабылдау мүмкіндігінің бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
2.  DVB-T/T2 дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық 
сигналдарды кабельдік теледидар арқылы қабылдау бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты 
болып табылады. Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс 
бойынша Видео) тағы сол сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан 
оларға осы сәтте қолдау көрсетілмейді.
3.  Бұл ТД, DVB-T/T2 және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз, 2008] сай жасалса да, аталмыш 
теледидарға бұдан кейін шығатын DVB-T/T2 сандық жерүсті және DVB-C кабельдік теледидар таратылым 
сигналдарын қолдайды деген кепілдік берілмейді.
4.  ТД қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай, кейбір кабельдік теледидар қызметінің провайдерлері 
көрсеткен қызметтері үшін қосымша төлемақы алуы және олардың көрсететін қызмет шарттарына келісім 
беру қажет болуы мүмкін. 
5.  Кейбір елдерде немесе аймақтарда сандық ТД-дың кей функциялары жұмыс істемеуі және кабельдік 
теледидар провайдерлерінің кейбірі DVB-C қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.
6.  Қосымша ақпаратты жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
 
Теледидардың сигналдарды қабылдау сапасына елдер арасындағы сигнал тарату тәсілдерінің 
әр түрлі болуы әсер етуі мүмкін.  ТД-дың қалай жұмыс жасайтынын жергілікті SAMSUNG уәкілетті 
дилеріне немесе Samsung байланыс орталығына хабарласып, оны ТД-ды қайта теңшеу арқылы 
реттеуге болатын-болмайтынын тексеріңіз.
Қимылсыз суретке қатысты ескерту 
Бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, jpeg суреттерінен тұратын файлдар) немесе қимылсыз бейне 
элементін (мысалы, ТД бағдарламасының логотипі, панорама немесе 4:3 пішіміндегі сурет, экранның төменгі 
жағынан биржа жаңалықтары не жаңалықтар т.с.с.) көрсетпеуге тырысыңыз.   Қимылсыз бейнені үздіксіз 
көрсеткенде, LED жарықтамалы бейнебетте қосарлы сурет пайда болады, бұл суреттің сапасына әсер етеді.     
Осы әсердің салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз: 
 
ТД-дан бір арнаны ұзақ уақыт көрмеңіз. 
 
Кез келген суретті ТД экранына толық ашып көріңіз, ол үшін ТД-дың сурет пішімі параметрлері мәзірін 
қолданыңыз. 
 
Суреттің сапасын қалаған деңгейге қою үшін жарықтылық және контраст мәндерін ең аз мәнге қойыңыз, 
бұл мәннен асырсаңыз "бейнебеттің жануы" үрдісі тездетуі мүмкін. 
 
Теледидардың "бейненің қалып қоюы" және "бейнебеттің жануы" тәрізді ақаулықтарды азайтуға арналған 
функцияларының барлығын жиі қолданыңыз, толығырақ ақпаратты эл. нұсқаулықтан қараңыз. 
Казақ - 2
Казақ - 3