Samsung GT-N7000 Benutzerhandbuch

Seite von 205
Осы нұсқаулықты пайдалану
2
Осы нұсқаулықты 
пайдалану
Осы Samsung ұялы телефонын сатып алғаныңызға алғыс 
білдіреміз. Бұл құрылғы Samsung компаниясының ерекше 
технологиясы мен жоғары стандарттарына негізделген 
жоғары сапалы ұялы байланыс пен ойын-сауықпен 
қамтамасыз етеді.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығы құрылғыңыздың функциялары 
мен мүмкіндіктерімен таныстыруға арналып жасалған.
Алдымен мені оқып шығыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыңызды 
 
пайдаланбас бұрын қауіпсіздік туралы барлық сақтық 
шаралары мен осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықтың сипаттамалары құрылғыңыздың әдепкі 
 
параметрлеріне негізделген.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында пайдаланылған суреттер 
 
мен скриншоттар қолыңыздағы өнімнен сыртқы жағынан 
ерекшеленуі мүмкін.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы мазмұн өнімнен немесе 
 
қызмет көрсетуші провайдерлер немесе тасымалдаушы 
берген бағдарламалық жасақтамадан ерекшеленуі мүмкін 
және алдын ала ескертусіз өзгертіледі. Пайдаланушы 
сайтынан қараңыз.
Қол жетімді мүмкіндіктер мен қосымша қызметтер құрылғы, 
 
бағдарламалық жасақтама немесе қызмет көрсетуші 
провайдер бойынша ерекшеленуі мүмкін.