Samsung GT-N7000 Benutzerhandbuch

Seite von 204
Құрастыру
16
Тасымалдау адаптерінің кең ұшын электр розеткасына 
қосыңыз.
Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалануға 
 
боалды, бірақ батареяны толық зарядтауға ұзағырақ 
уақыт кетуі мүмкін.
Зарядтау барысында құрылғы тұрақты емес ток 
 
қабылдаса, сенсорлы экран жұмыс істемеуі мүмкін. 
Солай болған жағдайда, адаптерді құрылғыдан 
ажыратыңыз.
Зарядталған кезде телефон қызып кетуі мүмкін. Бұл 
 
жағдай қалыпты және құрылғыңыздың жарамдылық 
мерзіміне немесе жұмысына әсер етпеуі керек.
Құрылғыңыз дұрыс зарядталмаса, құрылғы мен 
 
зарядтау құрылғысын Samsung қызмет орталығына 
алып барыңыз.
Батарея толығымен зарядталғанда, алдымен 
тасымалданатын адаптерді құрылғыдан, одан кейін электр 
розеткасынан ажыратыңыз.
Саяхат адаптерін ажыратпай, батареяны телефоннан 
алмаңыз. Бұлай істеу құрылғыңызды зақымдауы мүмкін.
Қуат үнемдеу үшін адаптерді пайдаланылмайтын 
кезде ажыратып қойыңыз. Адаптердің қосқышы жоқ, 
сондықтан электр қуатының берілуін тоқтату үшін 
адаптерді ток көзінен ажыратып қою керек. Адаптер 
пайдаланылмайтын кезде ток көзіне жақын болуы 
керек.
Жад картасын салу (қосымша)
Қосымша мультимедиалық файлдарды сақтау үшін жад 
картасын салу керек. Құрылғыңыз ең үлкен сыйымдылығы 
32 ГБ (бұл жад картасының өндірушісіне және түріне 
байланысты) microSD
 немесе microSDHC
 жад карталарын 
қабылдайды.