Samsung GT-N7000 Benutzerhandbuch

Seite von 204
Арнайы мүмкіндіктерді қолдану
43
Арнайы мүмкіндіктерді 
қолдану
Мәтінді енгізуге, суреттерді түсіруге және қозғалысты 
басқарулар мен дыбыстық пәрмендерді қолдануға 
көмектесетін көптеген мүмкіндіктерге байланысты құрылғыны 
қуатты блокнот ретінде қолдануға болады.
Негізгі S қалам әрекеттерін үйреніңіз
Құрылғыңыз арнайы S қаламымен жабдықталған. Төмендегі 
әрекеттерді орындау үшін, алдымен S қаламын құрылғының 
төменгі жағындағы ұяшықтан алыңыз.
S қаламымен сенсорлы пернелерді басуға болмайды.
Түрту: Элементті таңдау, мәзірді ашу, бағдарламаны іске 
 
қосу үшін экрандағы элементті немесе аймақты түртіңіз.
Мынаны түртіп, ұстап тұрыңыз: Екі секундтан ұзағырақ 
 
уақытқа S қаламын түртіп, ұстап тұрыңыз.
Екі рет түрту: Экрандағы элементті немесе аймақты екі рет 
 
жылдам түртіңіз.
Дірілдеу: Экрандағы аймақты түртіп, тізімдер немесе 
 
экрандар бойынша жылжыту үшін S қаламын жоғары, 
төмен, сол жаққа немесе оң жаққа ақырын сүйреңіз.
Сурет салу: Сурет қойын кітабына сызық немесе кескін 
 
салыңыз.
Жазу: Қолжазба панеліне мәтінді жазыңыз.