Samsung RS554 Side by Side с cистемой Двойного Охлаждения, 591 Л Benutzerhandbuch

Seite von 22
20_ Мәселелердің шешімі
Мәселелердің шешімі
МӘСЕЛЕ
ШЕШІМ
Тоңазытқыш дұрыс 
жұмыс жасамайды 
немесе азық-
түліктерді нашар 
суытады.
•  Желі сымының ашасы розеткаға дұрыс қосылған ба, тексеріңіз.
•  Дисплей  панеліндегі  температураны  орнату  батырмасының  көмегімен 
температура дұрыс орнатылды ма? Төмендеу температура орнатып көріңіз.
•  Тоңазытқышқа тікелей күн сәулесі түсіп тұрған жоқ па және жақын арада 
жылу көздері жоқ па?
•  Тоңазытқыштың артқы жағы ауа айналымына кедергі жасап, қабырғаға тым 
жақын орналаспаған ба? 
Тоңазытқыш 
камерадағы азық-
түліктер үсіп қалды.
•  Дисплей панеліндегі температураны орнату батырмасының көмегімен 
температура дұрыс орнатылған ба? 
Жоғары температураны орнатып көріңіз?
•  Бөлмедегі температура тым төмен емес пе?
•  Сіз азық-түлікті тоңазытқыштың артқы бөлігіндегі желдету саңылауларына 
тым  жақын  сақтап  жүрген  жоқсыз  ба?  Азық-түліктерді  желдету 
саңылауларынан алыстатыңыз.
Ерекше дыбыстар 
мен шулар естіледі
•  Тоңазытқыш тураланды ма және берік орнатылды ма, тексеріңіз.
•  Тоңазытқыштың артқы жағы ауа айналымына кедергі жасап, қабырғаға тым 
жақын орналаспаған ба?
•  Сіз қандай да бір бөгде заттарды тоңазытқыштың артына немесе астына 
түсіріп алған жоқсыз ба ?
•  Тоңазытқыштың  ішінен  «тырсылдаған»  дыбыстар  естілуі  мүмкін.  Бұл 
қалыпты жағдай. Бұл дыбыс температураның өзгеруі кезінде тоңазытқыштың 
ішкі жабдықтары кеңеюі немесе қысылуы кезінде естіледі.
•  Сигнализатор естіледі. Тоңазытқыш пен бардың есігі жабық па?
Тоңазытқыштың 
алдыңғы бұрыштары 
мен бүйірлері қыза 
бастайды; оларда су 
тамшылары жиналып 
қалады.
•  Бұл жерлердегі кейбір қызулар қалыпты жағдай болып табылады, себебі 
тоңазытқыштың  алдыңғы  бұрышында  ылғалдың  жиналуын  жою  үшін 
қызатын түтікшелер орнатылған.
•  Тоңазытқыш камерасының есігі ашық қалған жоқ па? Есік тым ұзақ ашық 
тұрған кезде тамшылар жиналып қалады.
Тоңазытқыштың 
ішінде бүлкілдеген 
дыбыс шығады.
•  Бұл қалыпты. Бүлкілдеу тоңазытқыш ішінде айналым кезінде хладагент 
себебінен болады.
Тоңазытқыштың 
ішінде жағымсыз иіс 
сезіледі.
•  Бұзылған азық-түліктерді тексеріңіз.
•  Қатты иісі бар азық-түліктерді саңылаусыз ораңыз (мысалы, балықты).
•  Тоңазытқышты үнемі тазалап, кез келген бұзылған азық-түліктерді немесе 
күмәнді өнімдерді тастаңыз.
Мұздатқыш 
камераның 
қабырғаларында 
қырау пайда болады.
•  Ауа шығатын саңылау ештеңемен жабылып қалған жоқ па? Оңай ауа 
айналымы үшін кедергілерді жойыңыз.
•  Тиімді  ауа  айналымы  үшін  азық-түлік  арасында  жеткілікті  кеңістікті 
қамтамасыз етіңіз. 
•  Мұздатқыш камерасының есігі тығыз жабылды ма?