Philips HD6161 Benutzerhandbuch

Seite von 118
Құралды қолдану
Қуыру
 1 
 Тоқ сымын тоқ сымын сақтайтын жерден шығарып, шанышқыны қабырғадығы розеткаға 
қосыңыз. (Cурет 7)
  
 Қуырғыш себеттің ұстағышын шығарыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 8)
Себетті май қызып жатқанда қуырғышта қалдырсаңыз болады.
  
 Қақпақты алып тастаңыз. (Cурет 4)
  
 Қуырғышты қосу үшін, қосу/өшіру түймесін 2-3 секунд басып тұрыңыз. (Cурет 9)
Дисплей жанып, бип сигналын естисіз.
 5 
 Температура түймесін бір рет немесе одан көп рет басып, өзіңізге қажетті 
температураны орнатыңыз.  (Cурет 10)
Тамақтың дайындығын «Мөлшерлер, температура және қуыру уақыты» тармағын қарап немесе 
қажетті температурасына қарап біліңіз.
Қуырғыш қызып жатқанда, термометр белгісі дисплейде толығымен жанып, біртіндеп 
сөне бастайды
 6 
 Май таңдаған температураға жеткенде (ол 10 нан 15 минутқа дейін уақыт алады), сізге 
дыбыс естіледі, содан соң дисплейдегі термометр белгісі толығымен қара түске 
айналады.
 7 
 Қуырғыштан себетті алып, қуырғалы жатқан тамақты себетке салыңыз.
 8 
 Себетті абайлап, ішкі ыдыстағы ұстағышқа салыңыз. Себетті майға немесе сұйықтыққа 
төмендетіп батырмаңыз. (Cурет 11)
 9 
 Қуырғыштың қақпағын жабыңыз.
 10 
 Себетті ұстағыштардан көтеріп, оны майға немесе сұйытылған майға батырыңыз.
Қуырып жатқанда дисплейдегі термометр белгісі қайтадан тола бастауы мүмкін. Демек, 
қыздырушы элемент , қажетті температураны қамтамасыз ету үшін біресе қосылып, біресе өшіп 
отырады.
 11 
 Таймерді қажетті уақыт бағдарламасына орнатып, қосу/өшіру түймесін сәл басыңыз, 
сонда таймер белсендіріледі.(«Таймер» тармағын қараңыз). 
Қуырғышты таймерді орнатпастан да қолдануға болады.
Таймер
Таймер қуыру уақытының таусылғанын ғана көрсетеді, алайда ол қуырғышты сөндірмейді.
Бұл құрал цифырлы таймермен қамтамасыз етілген. 
 1 
 Бақылау панеліндегі + немесе – түймесін БІР РЕТ басыңыз. Таймер автоматты түрде 
қуыру уақытын 10 минутқа орнатады. Енді + немесе – түймелерін басып, дұрыс қуыру 
уақытын минуттап орнатыңыз.  (Cурет 12)
Орнатуға болатын ең максималды қуыру уақыт 99 минут. 
Уақытты жылдам жылжыту үшін, түймені басып ұстап тұрыңыз. Өзіңізге қажетті уақытқа 
жеткенде, түймені босатыңыз.
  
 Қосу/өшіру түймесін сәл ғана басып, таймерді белсендендіріңіз. (Cурет 9)
Таймер кері санай бастайды .
Таймер кері санай бастағанда, қалған уақыт дисплейде минуттап және секундтап 
жымыңдап тұрады. 
  
 Егер сіз орнатылған уақытты белсендендірілгеннен кейін өзгерткіңіз келсе, онда қосу/
өшіру түймесін сәл ғана басып, таймерді уақытша тоқтата аласыз. Содан соң, + немесе 
,
,
,
,
,
ҚазаҚша
7