Philips hq8290cc Benutzerhandbuch

Seite von 276
 2 
 Мөлшерлеу ыдысты HQ200 тазалау сұйықтығы бар бөтелкеден 
бұрауышпен бұрап босатып, ауаны кіргізбейтін мөрін алып 
тастаңыз. 
 3 
 Тазалау орнын HQ200 тазалау сұйықтықпен MAX көрсеткішіне 
дейін толтырыңыз (Cурет 23).
Есте сақтаңыз: Тазалау орны әрдайым MIN көрстекішінен жоғары 
болып толып тұруы тиіс.
 4 
 Jet Тазалау Жүйесін тазалау орнына қайтадан 
қойыңыз (Cурет 24).
Босату түймелері қайтадан орнына сырт етіп келгендігін тексеріңіз.
Тазалау орны тазалау сұйықтықпен толып тұрғанда, оны төгіп алмас 
үшін, орнынан қозғамаңыз.
 5 
 Кішкене шанышқыны Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз, және 
адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 
 
, Ұстағыш өзінің ең жоғарғы ұстанымына автоматты түрде 
апарылады.
Енді Jet Тазалау Жүйесі қолдануға дайын. 
Jet Тазалау Жүйесін қолдану. 
 1 
 Ұстараны ұстағышына төңкеріп қойыңыз да, оны орнына 
бекітіп орнату үшін, иінін толығымен төмен қарай 
итеріңіз (Cурет 16).
 
, Ұстара зарядталып жатқандығын білдіріп, Jet Тазалау Жүйесінде 
батарея белгісі пайда болады. 
Есте сақтаңыз: Егер қырыну бөлігінде қорғаныс фольгасы бар болса, 
онда қырыну ұстарасын Jet Тазалау Жүйесіне орнату мүмкін емес.
 2 
 Тазалау бағдарламасын бастау үшін, Jet Тазалау Жүйесіндегі 
қосу/өшіру түймесін басыңыз.  (Cурет 25)
Тазалау бағдарламасында екі фаза бар, тазалау және кептіру фазалары. 
 
, Jet Тазалау Жүйесінде батарея белгісі жойылады.
 
, Тазалау бағдарламаның алғашқы фазасы барысында тазалау 
белгісі жымыңдайды және ұстара тазалау сұйықтығына 
автоматты түрде батырылады.  (Cурет 26)
ҚазаҚша
115