Panasonic TH-47LFP30W Bedienungsanleitung

Seite von 20
 Электр шнуры
Су жұқпайтын қасиетін сақтау үшін элктр шнурын артқы 
қақпағына бекітіп тұрған бөлікті босатпаңыз. 
 Электр шнурының шығыңқы бөлігін майыстырмаңыз. 
Ол оның қосылмауына əкеп соғады. 
 Қорғаныш жабын
 Корпустың алюминийден жасалған бөліктері мен артқы қақпағы жабынмен тотығудан қорғайды. Бетін 
зақымдап алмаңыз. Беті зақымдалған жағдайда сол жерден бастап тат баса бастайды. 
 Орнату қалпы
 Өнімге күн сəулесі тікелей түсетін орынға өнімді орнатпаңыз.
•  Экран күн сəулесі тікелей түсетін орынға шығарылса, сұйық кристалды тақтасына жағымсыз əсер етуі 
мүмкін.
• Күн сəулесі экранға тікелей түскенде, қара көлеңке пайда болуы мүмкін. Температура төмендегенде, ол 
жоқ болады. 
• Күн сəулесінің тікелей түсуін болдырмас үшін, өнімнің үстіңгі жағына “қалқа” орнатуды ұсынамыз. 
• Бұл өнімді жүзуге арналған бассейннің, ыстық минералды көздің немесе мұхиттың жанындағы жер сияқты 
арнайы ортада немесе химиялық заттар немесе газдар пайдаланылатын зауыт ішінде ұзақ мерзімге 
орнату үшін алдын ала жергілікті Panasonic дилерімен ақылдасыңыз.  
 Орнату шарттары
 Өнімді сыртқы ауа температурасы 4 °C төмен ортада пайдалану үшін “Winter Mode” функциясының 
“On” күйіне орнатылғанына көз жеткізіңіз. Ішкі температура тұрақты сақталып, ақырын іске 
қосылады. 
Бұл өнімді су ұзақ уақыт үздіксіз шашырайтын орынға шығармаңыз немесе онда пайдаланбаңыз. 
 Қабырғаға т.б. орнату үшін 
• Бөлшектер т.б. жөнінде алдын ала дилеріңізден сұраңыз. 
• Өнімнің жəне бөлшектердің толық салмағын тұрақты көтере алатын тұрақты орынды таңдаңыз. Егер орынның 
беріктігі жеткіліксіз болса, бұл құлап кету сияқты ауыр қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін.
• Өнімді  адам  асыла  немесе  сүйене  алатын  жерге  немесе  өтіп  бара  жатқан  кісі  соқтығысуы  мүмкін  жерге 
орнатпаңыз. Қайғылы оқиға болуы мүмкін. 
• Бөлшектің  немесе  орнату  орнының  ақауына  байланысты  аударылып  түсудің  жəне  құлаудың  алдын  алу 
шараларын қолданыңыз.  
• Орнатылған  ортаға  қарай  орнату  беріктігі  тозуға  байланысты  азаюы  мүмкін.  Орнату  жөніндегі  маманнан 
тұрақты түрде тексеруді немесе жөндеуді сұраңыз. 
• Дұрыс  тартылмаған  бұранда  сияқты  ақау  немесе  зақымдалу  белгісі  анықталса,  дереу  орнату  жөніндегі 
маманнан немесе дилеріңізден ақауды жоюды сұраңыз. 
• Panasonic компаниясы  орнату  ақауы,  дұрыс  пайдаланбау,  өзгерту  немесе  табиғи  апат  сияқты  оқиғаға 
байланысты залалдарға жауапты болмайды. 
Орнату кезіндегі сақтық шаралары
3