Panasonic TXPR65VT50 Bedienungsanleitung

Seite von 108
 3D 
су
ре
ттерін
 көр
у
31
  3D суреттерін көру
 3D көзілдірігін тағу арқылы 3D əсеріне сəйкес мазмұндары немесе бағдарламалары бар 3D суреттерін көруге 
болады.   “Стандартты керек жарақтар” (6-бет)
 Бұл теледидар [Покадровый]∗
1
, [Гориз.совмещенный]∗
2
 жəне [Вертик.совмещенный]∗
3
 3D пішімдерін қолдайды.
 ∗1:  Сол жəне оң көздер үшін суреттер жоғары сапалы анықтықпен жазылатын жəне кезекпен ойнатылатын 3D 
пішімі.
 ∗2, ∗3:  Басқа қол жетімді 3D пішімдері
● 
 3D суреттерін көру   (35-бет)
 Абайлаңыз
 Ұсақ бөлшектер
● 
 3D көзілдірігінің құрамында ұсақ бөлшектер (батарея, т.б.) бар жəне оларды балалар жұтып қоймауы үшін 
кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
 Бөлшектемеңіз
● 
 3D көзілдірігін бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
 Литий батареясы
● 
 Батареяларды күннің көзі, өрт немесе сондай сияқты жоғары ыстыққа шығармаңыз.
 Сақтаныңыз
 3D көзілдірігін қауіпсіз əрі ыңғайлы пайдалану үшін, мына нұсқауларды толығымен оқып шығыңыз.
 3D көзілдірігі
● 
 3D көзілдірігін түсіріп алмаңыз, қыспаңыз немесе баспаңыз.
● 
 3D көзілдірігіне таққан кезде жақтаудың ұшына мұқият болыңыз.
● 
 3D көзілдірігін əрқашан салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
● 
 3D көзілдірігінің топса бөлігіне саусағыңызды қысып алмаңыз.
● 
 3D көзілдірігінің сұйық кристалды ысырмасының бетін баспаңыз немесе сызат түсірмеңіз.
  3D мазмұнын көру
● 
 Жарыққа қарсы аса сезімтал болсаңыз, жүрегіңіз ауырса немесе басқа да сырқаттарыңыз болса, 3D 
көзілдірігін қолданбаңыз.
● 
 Егер шаршап тұрсаңыз, өзіңізді жақсы сезінбесеңіз немесе басқа қолайсыз сезінулер болса, 3D көзілдірігін 
қолдануды дереу тоқтатыңыз. Əсерді [Регулировка 3D] арқылы орнатқанда, 3D суреттерінің көрінуі əр түрлі 
кісілер үшін өзгеше болатынын ескеріңіз.
● 
 3D киносын көргеннен кейін тиісті үзіліс алыңыз.
● 
 3D ойындары немесе компьютерлері сияқты интерактивті құрылғылардан 3D мазмұнын көргеннен кейін 
30 - 60 минут аралығында үзіліс жасаңыз.
● 
 Теледидардың экранын басқа адамдардың кездейсоқ басуына мұқият болыңыз. 3D көзілдірігін қолданған 
кезде, пайдаланушы жəне экранның арасындағы қашықтық дұрыс бағаланбауы мүмкін.
● 
 3D көзілдірігін 3D мазмұнын көрген кезде ғана тағыңыз.
● 
 3D көзілдірігін Bluetooth сигналы бар басқа құрылғылардан əсері жоқ жерде пайдаланыңыз.
● 
 Егер көз ауруларына душар болсаңыз (жақыннан / алыстан көргіш, астигматизм, сол жəне оң жақ көзде 
айырмашылығы), 3D көзілдірігін қолданудан бұрын көзіңізді емдеткеніңіз жөн.
● 
 3D мазмұнын көрген кезде қосарланған суреттерді таза көрсеңіз, 3D көзілдірігін қолдануды тоқтатыңыз.
● 
 3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан аз қашықтықта қолданбаңыз.
 Ұсынылған көру қашықтығы сурет биіктігінен кемінде 3 есе артық болуы тиіс.
 TX-PR50VT50: 1,9 м немесе одан алыстау
 TX-PR55VT50: 2,1 м немесе одан алыстау
 TX-PR65VT50: 2,4 м немесе одан алыстау
 Экранның жоғарғы жəне төменгі бөлігі қарайған кезде, мысалы кино көргенде, экранға дейінгі қашықтық нақты 
суреттің биіктігінен кемінде 3 есе артық болуы тиіс. (Қашықтық жоғарыдағы суретте ұсынылғаннан жақынырақ 
болады.)