Panasonic TXPR65VT50 Bedienungsanleitung

Seite von 108
 Желілік
 қыз
ме
ттер
ді
 пайдалану
 (DLNA
 / VIERA
 Connect)
73
  Желілік қызметтерді пайдалану
  (DLNA / VIERA Connect)
 DLNA
®
 Бұл теледидар DLNA Certified™ өнімі болып табылады.
 DLNA (Digital Living Network Alliance) — DLNA Certified алған сандық электрондық құрылғыларды үй желісінде 
оңай əрі қолайлы пайдалану мүмкіндігін беретін стандарт. Қосымша ақпарат алу үшін www.dlna.org сайтын 
қараңыз.
● 
 Осы функцияны қосу үшін теледидарды үй желісіне қосыңыз.
   “Желілік қосылымдар” (74-бет), “Настройка сети” (75-бет)
 
  Мультимедиа серверінде сақталған ортақ пайдаланылатын мазмұндарды ойнату
 Үй желісіне қосылған DLNA Certified медиа серверіне (мысалы, Windows 7 операциялық жүйесі орнатылған 
компьютер) фотосуреттерді, бейнелерді немесе музыка мазмұндарын сақтаңыз. Одан кейін осы мазмұндарды 
теледидардан тамашалай аласыз.
● 
 Осы теледидадағы мазмұндарды көру жəне олармен жұмыс істеу   (79-бет)
● 
 Қолдау көрсетілетін файл пішімі үшін   (94,  95-бет)
 Компьютерді медиа сервер ретінде пайдалану
 Windows 7 жүйесі бар компьютерді дайындаңыз немесе сервер бағдарламалық құралының компьютерге 
орнатылуын қамтамасыз етіңіз.
 “Windows 7” жəне “TwonkyMedia server 6 (Windows 7, Windows Vista немесе Windows XP жүйесі бар компьютерге 
орнатылған)” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген серверлік бағдарламалық құрал болып табылады 
(қаңтар, 2011 жыл). Бұл теледидармен басқа ешқандай серверлік бағдарламалық құрал тексерілген жоқ, 
сондықтан үйлесімдік пен өнімділікке кепілдік берілмейді.
● 
 Windows 7
 Windows 7 жүйесінің үй тобы параметрлеріне арналған орнату қажет. Толық мəлімет алу үшін Windows 7 
жүйесінің көмек функциясын қараңыз.
● 
 TwonkyMedia server
 “TwonkyMedia server” PacketVideo корпорациясының өнімі болып табылады.
 “TwonkyMedia server” өнімін орнатуға жəне реттеуге арналған Орнату нұсқаулығын алу үшін TwonkyMedia веб-
сайтына кіріңіз.
 Серверлік бағдарламалық құрал алу үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.
 Ескертпе
● 
 Серверлік бағдарламалық құрал туралы толық ақпарат алу үшін бағдарламалық құрал компаниясына 
хабарласыңыз.
● 
 Медиа серверге арналған серверлік бағдарламалық құралы компьютерге орнатылған кезде деректерге басқа 
адамдардың кіру қаупі болады. Маршрутизатор пайдаланбаған кезде кеңседегі, қонақ үйдегі, тіпті үйдегі желі 
ортасына қатысты параметрлер мен қосылымдарға мұқият болыңыз.
● 
 Бұл теледидардың DLNA функциялары AVCHD жəне DivX файлдарын қолдамайды, бірақ оларды медиа 
ойнатқыш арқылы ойнатуға болады (64-бет).
 
 DMC (сандық мультимедиа контроллері) желілік құрылғысы арқылы осы теледидардағы 
ортақ пайдаланылатын мазмұндарды ойнату
 Үй желісіне қосылған DMC желілік құрылғысымен (Windows 7 операциялық жүйесі орнатылған компьютер, 
смартфон, т.б.) басқару арқылы мультимедиа серверінде сақталған мазмұндарды тамашалауға болады.
● 
 Осы функцияны Windows 7 операциялық жүйесінде пайдалану үшін теледидардағы [ДУ с помощью DLNA] 
жəне [ДУ звуком через DLNA] функцияларын [Вкл.] күйіне қойыңыз.   (75-бет)
● 
 “Windows 7” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген операциялық жүйе болып табылады (қаңтар, 2011 
жыл). Толық мəлімет алу үшін Windows 7 жүйесінің көмек функцияларын қараңыз.
● 
 Осы функцияны смартфонда пайдалану үшін теледидардағы [ДУ по сети] параметрін [Вкл.] күйіне қойыңыз. 
 (75-бет)
 VIERA қызметін смартфонда басқару үшін бағдарламаны орнату қажет. Бағдарлама туралы қосымша мəлімет 
алу үшін (тек ағылшынша):
 http://panasonic.jp/support/global/cs/tv/
 Жұмысы туралы мəлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету туралы ақпаратын қараңыз.